Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елге қызмет-ерге міндет

Елге қызмет-ерге міндет

Мемлекеттік қызмет – бұл ең алдымен елге деген адал қызмет, зор жауапкершілік пен терең біліктілікті талап ететін маңызды сала. Мереке қарсаңында біз өз ісіне адал, ширек ғасырға жуық уақытын статистика саласының дамуына арнап келе жатқан білікті маман, жауапкершілікті серік еткен мемлекеттік қызметкер – Дәуірхан Тәжмағамбет туралы әңгіме өрбіткенді жөн көрдік.
Дәуірхан Кәрімоллаұлы 1972 жылы10 тамызда Қазалы ауданы,Жаңа-Қазалы кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 80-жылдарының соңында бастаған ол, бүгінде өңірдегі статистика саласының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан тәжірибелі маман. Мектеп қабырғасынан кейін Шымкенттегі кооперативтік техникумда есепші мамандығын, кейіннен Алматы экономика және статистика академиясында «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша жоғары білім алып, экономист біліктілігіне ие болды. Ол 2003 жылдан бастап, қазіргі күнге дейін мемлекеттік статистика органдарында үздіксіз қызмет атқарып, жиырма үш жылдан астам уақыт ішінде өзін кәсіби, сауатты әрі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман ретінде көрсете білді.
Статистика – сандар тілі, ал сандар қателікті кешірмейді. Дәуірхан Кәрімоллаұлының еңбек жолы осы қағидамен тығыз байланысты. Ол жетекші мамандықтан бастап, Байқоңыр қаласының Статистика басқармасының басшысы секілді жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Әсіресе еліміз үшін маңызды науқандар – ауыл шаруашылығы санақтары мен Ұлттық халық санақтарын өткізу кезінде комиссия хатшысы және санақ бөлімінің меңгерушісі ретінде ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсті.
Дәуірхан Тәжмағамбет еңбек жолын 1989 жылы бастады. 1997 жылға дейін аудандық тұтыну кооператив одағында есепші және аға есепші қызметтерін атқарды. 1997-2003 жылдар аралығында «Досбай» ЖШС директоры, аудандық мал сою пунктінің меңгерушісі, «Ақарыс-дезенфекция» ЖШС-нің бас есепшісі болып, басқарушылық және қаржылық салада мол тәжірибе жинақтады. Оның мемлекеттік қызметтегі жолы 2003 жылдың 3 наурызында Қазалы аудандық статистика бөлімінен басталды. 2003 жылдан бері статистика органдарында үздіксіз қызмет етіп келеді. 2003-2009 жылдары аудандық статистика бөлімінде жетекші маман, 2009-2011 жылдары облыстық Статистика департаментінің аудандық басқармасында жетекші және бас маман, 2011-2017 жылдары Байқоңыр қалалық Статистика басқармасының басшысы, 2017 жылдан қазіргі күнге дейін Қазалы аудандық статистика бөлімінің бас маманы.
Мемлекеттік қызмет үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Осы салада жиырма үш жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан маман ретінде айтарым, жұмысымызда дәлдік пен шынайылық бәрінен маңызды. Әрбір сандық көрсеткіштің артында ауданымыздың, еліміздің даму динамикасы тұр. Мемлекеттік қызметкер қандай жағдай болмасын өз ісіне жауапты, әріптестерімен қарым-қатынаста әдепті, ал өз жұмысына деген талабы жоғары болуы керек.
Бүгінгі мереке қарсаңында барша әріптестеріме алғыс айтамын. Біздің еңбегіміз – еліміздің экономикалық әлеуетін шынайы көрсетудегі маңызды буын. Қызметтегі әр күніміз жемісті, ал атқарып отырған ісіміз халыққа игілігін тигізсін деген тілегім бар, дейді ол сөз арасында.
Ол ел үшін тарихи маңызды науқандардың бел ортасында жүрген азамат.
Атап айтсақ, 2006-2007 жылдардағы ауыл шаруашылығы санағын өткізуде санақ бөлімінің меңгерушісі, 2009, 2010 және 2021 жылдардағы Ұлттық халық санағында комиссия хатшысы, сондай-ақ 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағында да үлкен жауапкершілікпен жұмыс атқарды. Оның еңбегі еленіп, ҚР Статистика агенттігінің, облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Сонымен қатар Байқоңыр өңіріндегі «За добросовестный труд» төсбелгісі және «60 лет космодрому Байконур» естелік белгісі секілді көптеген марапат иегері. Бұл марапаттар – оның адал қызметінің айқын көрінісі. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, мемлекеттік қызметтің мәртебесін биік ұстап жүрген маманның еңбегі жас қызметкерлер үшін үлкен өнеге.
Бүгінде статистика саласындағы мемлекеттік қызметтің жүгін абыроймен арқалап жүрген Дәуірхан Кәрімоллаұлы отбасында да үлгілі отағасы. Жұбайымен бірге екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған бақытты әке.
Мемлекеттік қызметкерлер күні – ел дамуына үлес қосып жүрген әрбір азаматтың еңбегі бағаланатын күн. Осындай жауапкершілігі жоғары, кәсіби біліктілігімен көпке үлгі болған мемлекеттік қызметкердің қажырлы еңбегі ел игілігіне жарай берері сөзсіз.
Айнұр ӘЛИ
23 маусым 2026 ж. 41 0

Серт пен міндет биігінде

23 маусым 2026 ж. 40

Еңбекпен өрілген жол

23 маусым 2026 ж. 52

Гүл жайнаған балғындар

23 маусым 2026 ж. 40

Ұлттың алтын діңгегі

23 маусым 2026 ж. 37

Елге қызмет-ерге міндет

23 маусым 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930