Өмірін ұстаздық жолына арнаған белсенді партиялас
Саналы ғұмырын ұстаздық етуге арнап, білім беру саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жандар жетерлік. Солардың бірегейі үлкен жүректі тұлға, тәжірибелі мұғалім, білікті басшы атанған Ізбасқан Ләззат Шманқызы.
Ләззат Шманқызы 1963 жылы 02 желтоқсанда дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы педагогикалық институтын физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы еңбек жолын 1981 жылы Әйтеке би кентіндегі №421 мектепте мұғалім болып бастаған.
1988-1997 жылдары С.Сейфуллин атындағы №165 мектепте мұғалім болып қызмет атқарып, білім ордасында терең ізденіс және шығармашылығының нәтижесінде мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, 2002 жылдың наурыз айынан бастап мектеп директоры қызметін атқарды. Ұстаздық және басшылық қызметінде әрқашан жаңа, озық әдістерді өз тәжірибесінде пайдаланатын жоғары санатты мұғалім бүгінде Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің директоры.

Ұстаздықтың ұлы жолында Ләззат Шманқызы жоғары жетістіктерге жетті. Аудандық «Үздік мектеп директоры» байқауында бас жүлде, облыстық «Үздік мектеп директоры» байқауында «Ізденімпаз басшы» номинациясын иеленді. Сондай-ақ, ҚР Президентінің «Алғыс хаты», ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, ҚР Тәуелсіздігінің 20, 25, 30 жылдығына орай мерекелік медалі, Ғ.Мұратбаевтың 110 жылдығына орай мерекелік медалі, Ы.Алтынсарин, «Абай аманаты» төсбелгісі және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.
Білікті ұстаз аса жауапты қызметімен қатар, қоғамдық-саяси жұмыстарда да белсенділік танытты. 2003 жылдан бастап партия қатарына қабылданып, Қазалы аудандық мәслихатының VI шақырылым депутаты, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Саяси Кеңесінің және Бюро мүшелігінде болды. Бүгінде партияның стратегиялық бағыты мен бағдарламалық құжаттарын қолдайтын партия филиалына қарасты «Көлік» бастауыш партия ұйымының төрайымы және белсенді партиялас.
Мұғалімдер мерекесі қарсаңында саналы ғұмырының 42 жылын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстазға барлық жақсылықты тілеп, ізгі тілегімізді білдіреміз!
#AMANAT
#ҰстазҰлыЕсім
#ҰстазҰлыЕсім