Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия өтті

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссияның күн тәртібінде балалар мен жасөспірімдердің қаңғыбастыққа салынуының алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қатысты жасалған қылмыстардың ахуалы мен аудандық білім бөлімінің ұсынысына қатысты 3 мәселе қаралды.
Аталған мәселелер бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов және аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Мархабат Бегалиева, №266 мектеп-лицейдің директоры Ерлан Өтепбергенов хабарлама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.
«Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы – баршамызға ортақ міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар тек комиссия отырысымен шектелмей, күнделікті жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әрбір жауапты мекеме өзіне жүктелген міндетті сапалы орындауы қажет», - деген комиссия төрағасы Дәурен Оңғарбайұлы тәуекел тобындағы балалармен жұмысты күшейту, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына ерекше назар аудару, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шараларды жүйелі жүргізу қажеттігі айтты.
Жиында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.
27 қаңтар 2026 ж. 242 0

Бақытын тапқан өнерден

14 наурыз 2026 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031