Газ желісін жеткізу қарқын алды

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет елді мекендерді аралау барысында Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына магистральды газ құбырын тарту жұмыстары жұмыстарын көріп, мердігер мекеменің басшыларымен кездесті.
4 ауылға тартылатын газ құбырының жалпы ұзындығы 56,8 шақырымды құраса, қазіргі таңда оның 41 шақырымына газ желілері жүргізілді. Бұл жұмыстармен мердігер мекеме «Отау – Строй» ЖШС айналысуда.
Аудан әкімі газ құбырларын жүргізіп жатқан мердігер мекеме мен тиісті сала басшыларына жоспарланған жұмыстарды мерзімінде бітіріп, жыл аяғына дейін елді мекендерді толықтай газға қосу жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ жұмыстардың ең бастысы сапасына мән беруді тапсырды.
Айта кетейік, бүгінде ауданға қарасты Ақсуат, Өркендеу, Бірлік және Қожабақы ауылдарына да газ жеткізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат