Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көрші ел тұрғындары Қазақстан ЖСН-ін жаппай рәсімдеуге көшті

Көрші ел тұрғындары Қазақстан ЖСН-ін жаппай рәсімдеуге көшті

Қылмыстық топтар мұны заңсыз баю тәсіліне айналдырып алыпты.
Көрші ел тұрғындары Қазақстан ЖСН-ін жаппай рәсімдеуге көшті
Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды
Құзырлы органдар шетелдіктер тарапынан Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуға деген қызығушылық 2022 жылдан кейін күрт өскенін мәлім етті. Өйткені сол жылдан Ресей мен Беларуське қарсы халықаралық санкциялар жаппай енгізіле бастаған болатын.
2022 жылдан кейін банк қызметтері, халықаралық аударымдар, шоттар ашу немесе Ресейден тыс жерлерде бизнес жүргізу қажет болған РФ азаматтары үшін Қазақстан ең қолжетімді бағыттардың біріне айналды. Қазақстандық ЖСН-ді алу арқылы солтүстік көршінің тұрғындары санкцияларды айналып өтетінін батыстық ақпарат құралдары талай жазды.
Қазақстан ІІМ мәліметінше, тек 2022 жылдың өзінде Ресей азаматтарына 280 мыңнан астам ЖСН берілген. Қағидалар біртіндеп қатаңдатыла бастағанына қарамастан, 2023 жылы да ресімдеу жалғасты.
2024 жылы қазақстандық өмірбойғы осы нөмірге қол жеткізе алған РФ азаматтарының саны 435 408-ге жетті. Бұл көрсеткіш жөнінен бірде бір шет мемлекеттің тұрғындары ресейліктерді қуып жете алмайды. 2025 және 2026 жылдың қорытынды көрсеткіштері белгісіз. Бірақ Ресеймен серіктестікті жолға қойған бірқатар қазақстандық банктердің шот ашып, карта рәсімдеп жатқан ресейліктерге толы екенін ескерсек, бұл сан миллионға жуықтап қалуы да ғажап емес. Өйткені қазіргі талап бойынша Қазақстанның ЖСН-ін алу үшін Ресей тұрғыны біздің елге келіп, жергілікті мобильді операторда нөмірін тіркетуге және банктік карта мен есепшот ашуға тиіс.
Бұл ретте ЖСН алудың өзі мүлдем заңды процедура болып табылады. Проблема құжатты өтініш берушінің жеке өзі қатыспай-ақ ресімдеуге тырысқан кезде туындайды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бері шетелдіктерге Қазақстанның елшілігі арқылы ЖСН беруге тыйым салынды.
Оның үстіне бұл істі кейбір алақол адамдар заңсыз табыс табу қайнарына айналдырып алды. Интернетте осыған көмектесетін делдалдардың ақысы 100 мың рубльден басталып, бірнеше мың долларға дейін барады. Олардың кейбірі бұл үшін ресейлікке тіпті Қазақстанға келудің де қажеті жоқтығына сендіреді. Әрине, бұлардың бір бөлігі алаяқтар екені сөзсіз.
Сонымен бірге Қаржылық мониторинг агенттігі Астанада ИИН-ді қашықтан алу кезіндегі қылмыстық схема анықталды.
"ҚМА елордалық департаменті сыбайлас жемқорлық тетіктері мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) заңсыз ресімдеудің құқыққа қайшы схемасының жолын кесті және анықтады. Заңнамаға сәйкес шетелдіктер үшін ЖСН қалыптастыруға міндетті биометриялық сәйкестендірумен ел аумағында олардың тек жеке өзі болған кезде ғана жол беріледі. Осыған қарамастан, 2024-2025 жылдары өтініш берушілердің іс жүзінде қатысуынсыз ЖСН ресімдеуге заңсыз жәрдемдесу бойынша қылмыстық схема ұйымдастырылған", – деп хабарлады ведомство.
Схеманы іске асыру үшін әлеуметтік желілердегі арна пайдаланылған, ол арқылы ЖСН-ді қашықтан алуға мүдделі шетелдік азаматтарды іздеу және тарту жүзеге асырылған.
"Қылмыстық схемаға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-тың Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылғаны әшкереленді. Олар ХҚКО-ның ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізген және ЖСН алуға фиктивті өтінімдер қалыптастырған", – деп мәлімдеді агенттік.
Сыйақы делдалдар арқылы банктік аударымдармен беріліп отырған және схемаға қатысушылар арасында бөлінген екен. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабы тәртібіне сілтеме жасап, ҚМА өзге ақпараттарды жария етуден бас тартты.
Мемкорпорация түсініктемесі: "Енді бұл қылмысты қайталамаймыз"
Астанада шетел азаматтарына, негізінен ресейліктерге ЖСН-ді заңсыз рәсімдеу схемасының табылуына қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы түсініктеме берді.
Оның дерегінше, 2025 жылы мемкорпорация шетел азаматтарына ЖСН рәсімдеу барысында белгіленген тәртіптің сақталмауына байланысты жекелеген фактілерді өз күшімен анықтаған көрінеді.
"Аталған жағдай бойынша дереу қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде заңбұзушылықтар расталды. Тексеру қорытындысында материалдар Қазақстан заңнамасына сәйкес тиісті процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Осы тұста, мемкорпорация мұндай жағдайларды болдырмауға бағытталған бірқатар жүйелі шараларды іске асырғанын жеткіземіз", – деп нақтылады "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі (ХҚКО АЖ) шетел азаматтарының мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы мәліметтерді, оның ішінде олардың сәйкестендіру деректерін алуға мүмкіндік беретін "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланды.
Нәтижесінде шетел азаматының, соның ішінде ресейліктердің Қазақстан аумағына келгенін растайтын мәлімет болмаған жағдайда ЖСН рәсімдеуге мүмкіндік бермейтін автоматтандырылған бақылау тетігі енгізіліпті. Сонымен қатар, "Бүркіт" ақпараттық жүйесінен келіп түскен өтініш берушінің дербес деректеріне ХҚКО қызметкерлерінің өзгеріс енгізу мүмкіндігі толықтай жойылғаны мәлімделді.
Бұдан бөлек, "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" заңына сәйкес өтініш беруші міндетті түрде жеке келуін көздейтін қосымша бақылау механизмі енгізілді.
"Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алатын заңбұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді. Бұл ретте ел заңнамасын, ішкі регламенттерді, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау талаптарын бұзуға қатысты мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады", – деп сендірді ведомство.
Мемлекеттік корпорация 2024 жылы өз бетінше анықтаған 90 материалды, 2025 жылы 91 материалды, ал, 2026 жылдың алғашқы бес айында 23 материалды құқық қорғау органдарына жолдағаны хабарланды.
Шетелдіктерге қазақстандық ЖСН не үшін қажет?
Мамандардың түсіндіруінше, Ресей азаматтарына Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірі ары қарай да таратыла береді, себебі, бұл заң мен қағидаларда заңдастырылған. Әңгіме тек оны барлық талаптарды сақтай отырып алуға қатысты: РФ тұрғыны Қазақстанға өзі келіп, жергілікті банкте шот ашып, отандық ұялы телефон нөмірін өзіне рәсімдеп алуы шарт. Егер келгісі келмей, қашықтан делдал арқылы рәсімдеп қол жеткізсе, мұнысы ғана заңсыз.
Көптеген қазақстандықтар ЖСН-ді жеке куәліктің қарапайым баламасы ретінде қабылдайды. Мысалы, жеке басын куәландыратын құжатын үйінде тастап кетсе, ал, смартфоны отырып қалса, немесе интернетке қосыла алмаса, кейде ҚР азаматы ЖСН нөмірін жатқа айта салып, сол арқылы тиісті қызметке қол жеткізіп жатады.
Бірақ шетелдіктер үшін бұл іс жүзінде көптеген қызметтерге қол жеткізудің кілті болып табылады. ЖСН-сіз мына әрекеттерді жасау қиын:
  • банктік шот ашу;
  • банктік карта алу;
  • Қазақстанда компанияны тіркеу;
  • электрондық цифрлық қолтаңбаны ресімдеу;
  • бірқатар мемлекеттік сервистерді пайдалану;
  • жекелеген қаржылық операцияларды жүзеге асыру, шетелге Қазақстан арқылы ақша аудару және басқасы.
Негізінде, ЖСН шетелдікке Қазақстанның қаржылық және мемлекеттік жүйесімен толыққанды өзара іс-қимыл жасау үшін қажет болатын алғашқы құжатқа айналады.
Жоғары сұраныстың туындауына байланысты Қазақстан билігі шетелдіктердің ЖСН алу тәртібін бірнеше рет өзгертті. Бүгінде заңнама мыналарды талап етеді:
  • өтініш берушінің жеке өзінің қатысуы;
  • құжаттарды ұсыну;
  • міндетті биометриялық сәйкестендіру;
  • мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мәліметтерді тексеру.
ЖСН-ді қашықтан, таныстар, делдалдар арқылы немесе "сенімхат бойынша" алуға болмайды. Мұндай шектеулер іс жүзінде Қазақстанда ешқашан болмаған адамдарға құжаттарды ресімдеу жағдайларын болдырмау үшін енгізілген.
14 маусым 2026 ж. 66 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930