Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы тәулікте Қазақстанда ЖСН рәсімдеген ресейліктер саны күрт артты

Соңғы тәулікте Қазақстанда ЖСН рәсімдеген ресейліктер саны күрт артты

Соңғы бір тәулікте Қазақстанда ресейліктердің жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдеу көрсетекіші күрт артқан. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі кезде елімізде резидент емес адамдарға ЖСН беру еңбек шарттарын бекіту, көрсетілген қызметтер үшін қаражат алуға, әкімшілік жазаға тартуға, салық есептілігін жүргізуге, сондай-ақ түрлі банк операцияларын жүргізу үшін керек. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН беру қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетінін атап өткім келеді. ЖСН 1 жұмыс күні ішінде дайындалады. Бейрезиденттің қолында паспорт болуы қажет, оның өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат қажет», - деді Әсет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Осы орай ол соңғы күндері Қазақстанға келіп жатқан Ресей азаматтарының саны артқанын еске салды. РФ азаматтары бейрезидентке арналған ЖСН алу үшін жаппай ХҚКО-ға барып жатыр. Соның салдарынан ХҚКО-ларға жүктеменің артқаны байқалып отыр.
«Қазіргі уақытта ЖСН алу үшін келген ресейліктердің басым бөлігі Астана мен Алматыда және шекаралас қалаларда көп байқалған. Кеше ғана еліміз бойынша 13 мыңнан астам өтінім қабылданды. Осыған дейін шамамен мұндай көрсеткіштегі өтінімді бір ай бойы қабылдайтынбыз», - деді вице-министр.
27 қыркүйек 2022 ж. 365 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031