Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Ресейдің 233 мың азаматы Қазақстанның ЖСН-ін алған: енді шектеу қойылады

Биыл Ресейдің 233 мың азаматы Қазақстанның ЖСН-ін алған: енді шектеу қойылады

Ulysmedia коллажы
Қазақстанның ішкі істер министрлігі елден тыс шетелдіктерге жеке сандық нөмірі (ЖСН) ақылы берілетіні жөнінде хабарландырулар тарағаннан кейін тексеруді бастады. Ал елшіліктер Қазақстанның ЖСН-ін беруді жаңа жылдан бастап уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ІІМ НЕ ДЕЙДІ
– ІІМ әлеуметтік желілерге мониториң жасау барысында барысында, сондай-ақ негізінен Ресей азаматтары үшін Қазақстаннан тыс жерде ЖСН ресімдеу мүмкіндігі туралы хабарландырулар мен түрлі сервистерді көріп білді. Осы факті бойынша жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамаға сәйкес тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген сұрауға жауапта.
Жалпы 2024 жылы шетелдік 435 408 азаматқа Қазақстанның жеке сандық нөмірі берілген. Оның ішінде 233 013-і Ресей, 121 719-ы Өзбекстан, 13 846-ы Тәжікстан, 9308-і Қырғызстан азаматтарына тапсырылған. 
ЕЛШІІЛІКТЕРДЕН ХАБАРЛАНДЫРУ
Ал Қазақстанның шет елдердегі елшіліктерінің сайтында ЖСН-ді шетелдіктерге беру уақытша тоқтатылғаны жөнінде ақпараттар пайда болды.
– Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды, – делінген елшіліктердің сайттарында.
Бұған дейін “Ақ жол” партиясының депутаттары “Қазақстанның ЖСН-ін сатып әпереміз” деген Ресейдегі хабарландырулардан кейін Қазақстанның уәкілетті органдарына ресми сауал жолдаған еді.
31 желтоқсан 2024 ж. 176 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930