Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр ауладан басталған ауқымды акция

Әр ауладан басталған ауқымды акция

Ауданның жайы оның тазалығынан байқалады. Сол таза ортаны қалыптастыруда ел болып «Таза Қазақстан» акциясына атсалысуда. Экологиялық жобаның бірегей жобаның берері мол. Оны біз тазарған көшеден, жойылған қоқыстан, егілген ағаштардан байқаймыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар салаларға тоқталып өткен болатын. Соның ішінде Президент өзінің тікелей бастамасымен іске асып жатқан – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің мән-маңызына ерекше тоқталып өткен еді.
Таза Қазақстан – ластанған аумақтарды қалдықтардан тазартуға, экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған акция. Аз уақыттың ішінде экологиялық акция еліміздің түкпір-түкпірінде кең етек жайды. Қазір республикалық акция еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде ауданда жастармен қатар, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің де экологиялық акцияға қатысу белсенділігі күн санап артып, өздеріне тиісті аймақтарды қоқыс қалдығынан тазартуда.
Аудандамемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған экологиялық акция аясында қоршаған ортаның көркеюіне, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері аудан орталығы мен барлық елді мекендерде 50-ден астам кең көлемді тазалық акциялары мен сенбіліктер ұйымдастырылып, өңірдің экологиялық мәдениетін қалыптастыруда елеулі нәтижелерге қол жеткізілді.
Аталған игі бастаманы жүйелендіру мақсатында Әйтеке би кентінің аумағы 7 аймаққа бөлініп, әрқайсысына жауапты жетекшілер бекітілген. Бұл ретте 84 мекеме мен кәсіпорынға нақты көшелер мен аумақтар бекітіліп, тазалық жұмыстары күнделікті бақылауға алынды. Жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері аудан аумағынан 5680 тонна қоқыс жиналып, арнайы полигондарға шығарылған. Тазалықты сақтау инфрақұрылымын жақсарту мақсатында аудан орталығында 100 дана жаңа қоқыс жәшігі орнатылса, қоғамдық белсенділік танытқан азаматтар мен көше атауы берілген тұлғалардың ұрпақтары демеушілік жасап, қосымша 80 дана жәшікті тұрғын үйлер маңына орналастыруға үлес қосты.
Сондай-ақ, аудан бойынша биыл 5500 түп ағаш көшеті отырғызылып, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асуда. Одан бөлек, табиғатты ластауға жол бермеу үшін құзырлы органдармен бірлескен рейдтік шаралар күшейтіліп, қоқыс тастау деректерін анықтау мақсатында бейнебақылау камералары іске қосылды. Қазалылықтардың «Таза Қазақстан» акциясына деген мұндай белсенділігі ауданның тазалығы мен көркейіп, көгалдануына зор серпін беруде.Алдағы уақытта акция жалғасын тауып, тазалық сақтау тұрақты жүзеге аспақ.
Айнұр ӘЛИ,
коллаж автордікі
13 маусым 2026 ж. 41 0

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 31

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 31

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930