Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Бозкөл, Кәукей және Тасарық ауылдарының халқымен кездесті

Аудан әкімі Бозкөл, Кәукей және Тасарық ауылдарының халқымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Бозкөл, Кәукей және Тасарық ауылдарының халқымен кездесті.

Елді мекендердің халқымен кездесуге аудан басшысымен бірге «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаттары Райымбек Бөлебаев пен Күншығар Әбілов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев және бірқатар бөлім басшылары қатысты.
Халықпен өткен кездесулерде аудан әкімі Президентіміздің, Үкіметтің және аймақ басшысының қолдауымен аудан халқының игілігіне бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы, алда жоспарланған жұмыстар жайында айтып өтті.
- 2026 жылға аудан бюджетінің көлемі 13,6 млрд. теңге болып бекітіліп, бүгінгі күнге 14,2 млрд. теңге болып нақтыланды. Оның ішінде, өз кірістеріміздің жоспары 4,3 млрд. теңгеге нақтыланды. Биыл жылдың басында Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен Бекарыстан би ауылында жаңа спорт кешені ел игілігіне берілсе, жуық арада Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылдарында да жаңа спорт кешендері пайдалануға берілмек. Биыл аудандағы ең ауқымды жобалардың бірі Қарлан көпірінің құрылысы қарқын алып, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына орамішілік газ желілері жүргізілуде. Бұдан бөлек, аудан орталығындағы теміржол вокзалы ғимараты қайта жаңғыртылып, вокзал аумағы абаттандырылды. Аудан орталығы мен елді мекендерде кезең-кезеңімен жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аудан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылып, елді мекендердегі тозығы жеткен электр желілерін жаңғырту жұмыстарыда кезектілікке сәйкес жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлының басшылығымен, аудан халқына деген үлкен қолдауымен ел игілігі жолындағы жүзеге асырылып жатқан жобаларды нәтижелі аяқтауға жұмыс жасайтын боламыз, - деді аудан басшысы.
Кездесулерде елді мекендердің тұрғындары тарапынанда бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Мәселен кәукейліктер ауылға келер жолдағы «Әйте» көпірін жөндеуді сұраса, Тасарық пен Лақалы елді мекендерінің тұрғындары елді мекен жерінің біршама бөлігі орман шаруашылығы мекемесіне тиесілі екенін және Бозкөл-Тасарық бағытындағы 35 шақырым жолды асфальттау жұмыстарын қолға алуды сұрады.
Аудан басшысы кәукейліктердің өтінішіне сәйкес тиісті сала мамандарына алдағы уақытта көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметасын әзірлеп, ұсыныс беруді тапсырды. Ал, орман шаруашылығына тиесілі жерлерді елді мекенге ауыстыру жөнінде жуық арада орман шаруашылық қорынан Тасарық, Сарбұлақ, Ажар елді мекендеріндегі бірқатар жер учаскелерін елді мекен санатына кіргізу жөнінде қаулы шығатынын айтты. Ал, Бозкөл-Тасарық бағытындағы автомобиль жолын асфальттау бойынша алдағы уақытта жоба-сметалық құжаттары қайта әзірлеуге жұмыс жасалатындығын, алайда, бірінші кезекте аудандағы ең ауқымды Қарлан көпірі сынды жобаларды аяқтауға басымдық берілетіндігін жеткізді.
Аудан әкімі жиын барасында Президентіміздің бастамасымен елдегі орын алып жатқан оң өзгерістер, реформалар, 1 шілде де ресми күшіне енетін Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Ата заң жайында сөз қозғап, елдегі жасалып жатқан игі жұмыстарға, елдік істерге ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, қолдау көрсетуге шақырды. Халықпен өткен кездесулерден кейін аудан әкімі жеке мәселелері бойынша жүгінген тұрғындармен қабылдау өткізіп, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

10 маусым 2026 ж. 265 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930