Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экология министрлігі жасанды жаңбырдың егінге зияны жоқ екенін мәлімдеді

Экология министрлігі жасанды жаңбырдың егінге зияны жоқ екенін мәлімдеді

Дождь, дожди, осадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2026 16:29
фото:pixabay
Экология және табиғи ресурстар министрінің бірінші орынбасары Нұркен Шәрбиев 2026 жылғы 9 маусымда Үкіметтегі брифингте жасанды жаңбырдың егінге ықтимал әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер оған Түркістан облысындағы бақша шаруашылығымен айналысатын фермерлердің шағымын жеткізді. Олар жасанды жаңбырдан кейін қауын өнімінің 80 пайызы шіріп кеткенін айтқан.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта бұл технология бойынша сынақтар әлі жүріп жатыр, сондықтан нақты қорытынды жоқ.
"Негізгі оператор – Цифрлық даму министрлігі, сонымен қатар "Қазгидромет" РМК-да қатысып отыр. Әзірге нақты бір нәрсе айтуға ерте, бірақ мұндай кері әсер жоқ", – деді Нұркен Шәрбиев.
Бақша өсірушілердің айтқан уәждеріне қатысты ол бұл жағдайды табиғи жауын-шашынмен байланыстырды.
"Дәл сол уақытта біздің өңірде күшті найзағайлы фронт жүріп өтті, яғни тек табиғи жаңбыр болды", – деп толықтырды вице-министр.


09 маусым 2026 ж. 335 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031