Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасанды жаңбыр қаншалықты қауіпсіз – Экология министрлігі түсінік берді

Жасанды жаңбыр қаншалықты қауіпсіз – Экология министрлігі түсінік берді

Фото: unsplash
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев 2026 жылғы 28 мамырда Мәжіліс кулуарында жасанды жаңбырды іске қосу бойынша жүргізілген экспериментке қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бұл эксперимент Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілдерімен бірлесіп өткізілген.
"Бұл жоба Экология министрлігі тарапынан "Қазгидромет" арқылы үйлестіріледі. Барлық бақылау толық "Қазгидрометке" берілген. Біздің тараптан тек метеодеректер мен бұлттардың су құрамына қатысты ақпарат қарастырылады", – деді Ошурбаев.
Ол жасанды жаңбырдың экологиялық қауіпсіздігіне де тоқталды.
"Экологиялық тұрғыдан түскен жауын-шашын толық талданады. Жалпы әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл – таза экологиялық өнім. Ол тек су қоймаларындағы су қорын толықтыруға көмектеседі", – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда "жасанды жаңбыр" технологиясын енгізу жоспарланып жатқаны хабарланған болатын.
28 мамыр 2026 ж. 150 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031