Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда 42 төсектік кардиология және инсульт орталығы ашылды

Қазалыда 42 төсектік кардиология және инсульт орталығы ашылды

Бүгінде Қазалы ауданындағы денсаулық сақтау саласында елдің игілігіне бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұған дейін ауданымыздағы Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулториялар пайдалануға берілсе, 2025 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жанынан 42 төсектік кардиология және инсульт орталығы ашылды.

Бүгінде орталыққа КТ аппараты әкелінсе, жыл соңына дейін бүгінге дейін аудан тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі болып келген МРТ құрылғысы орнатылмақ. Қазіргі таңда жаңа аппараттармен жұмыс жасайтын тиісті мамандардың білімі жетілдірілді. Осындай соңғы үлгідегі жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі мен жаңа қазіргі заман талабына сай салынған ғимараттар аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға оң ықпал ететін болады.

2025 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 185,2 млн. теңгеге Әйтеке би кентіндегі «Болат жолы» (96,5 млн. тг) және Бекарыстан би ауылындағы (88,7 млн. тг) дәрігерлік амбулаторияларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, 2024 жылы облыс әкімінің қолдауымен ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының автопаркін жаңару мақсатында 25 санитарлық автокөлік алынып, бүгінде халыққа қызмет етуде.
07 маусым 2026 ж. 40 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 93

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 91

№42 (1847)

06 маусым 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930