Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде

Ауданда каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде

Биыл Қазалы ауданында су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ауданның сол жағалау алабындағы 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 қашыртқылар жүйесін реконструкциялау және механикалық тазалау жұмыстары басталуда. Жоба аясында 6 аумаққа 19 насос орнатылып, жалпы ұзындығы 89,94 шақырым болатын қашыртқылар механикалық тазалаудан өтеді.
Аталған жобаның жалпы құны 2 млрд 405 млн 497 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында 2026 жылға республикалық бюджеттен 801,832 млн теңге бөлінген.
Сонымен қатар, Қызылқұм ауылдық округі аумағындағы «Нартай» каналын механикалық тазалау жұмыстары да қолға алынды. Қазіргі таңда 2-ГД қашыртқысын тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, 2-ГД қашыртқылар жүйесін тазалау арқылы Өркендеу және Аранды ауылдық округтеріндегі егістік алқаптарынан суды тиімді шығару мүмкіндігі артады. Ал «Нартай» каналын тазалау нәтижесінде «Жуанбалық» учаскесіндегі шабындық және жайылымдық жерлерге су еркін жетіп, жердің өнімділігі жақсарады.
05 маусым 2026 ж. 44 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930