Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев озық саяси күштерді реформалардың жаңа кезеңінде бірігуге шақырды

Тоқаев озық саяси күштерді реформалардың жаңа кезеңінде бірігуге шақырды

Президент реформалардың жаңа кезеңінде ел дамуына жауапты саяси күштердің жұмыла әрекет етуі қажет екенін айтты.
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік Ту көтеру рәсімінде сөз сөйлеп, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен қоғамдағы өзгерістерге тоқталды.
Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстан жаңа тұрпатты мемлекетке айналып, даму жолында нық қадам басып келеді.
Қазір Қазақстан жаңа тұрпатты елге айналды. Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік. Кейінгі жылдарды еліміз үшін тарихи бетбұрыс кезеңі деуге толық негіз бар. Ауқымды реформалар барлық салаға тың серпін беруде, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев түбегейлі өзгерістердің қоғамдық санаға да айтарлықтай әсер еткенін атап өтті. Оның сөзінше, ішкі саясаттың мазмұны жаңарып, даму бағыты нақтылана түскен.
Сондай-ақ Президент ел ішінде жанашырлық, еңбекқорлық, ұқыптылық және үнемшілдік секілді құндылықтардың орныға бастағанына назар аударды.
Азаматтарымыздың көзқарасы және ұстанымы өзгеруде. Халқымыз Әділетті, Мәдениетті, Таза және Қауіпсіз елде өмір сүруді қалайды. Сондықтан жұртымыз тәртіп бұзушылыққа, заңсыздыққа тұтас қоғам болып тосқауыл қоюда, – деді ол.
Мемлекет басшысы алда атқарылар жұмыстардың ауқымды екенін айтып, елдің бірлігі мен ынтымағы барлық міндетті орындауға негіз болатынын жеткізді.
Алайда, алдымызда тұрған жұмыс – өте ауқымды. Бұл жұмысты бәріміз бір ел, біртұтас халық болып міндетті түрде ойдағыдай орындаймыз, – деді Президент.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Ту көтеру рәсіміне қатысты.
Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезіндегі жүйеден бастау алатынын атап өтті.
Белгілі болғандай, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізіледі. Президент Үкіметке жаңа түзетулер енгізуді тапсырды.
04 маусым 2026 ж. 135 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930