Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Халқымыздың ауызбіршілігін нығайту – басты мақсатымыз

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халқымыздың ауызбіршілігін нығайту – басты мақсатымыз

Мемлекет басшысы елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өтіп жатқан Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Халқымыздың ауызбіршілігін нығайту – басты мақсатымыз
Фото: Akorda.kz-тен алынды
Елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өтіп жатқан Мемлекеттік Ту көтеру рәсімінде Мемлекет басшысы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде халықтың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала беретінін қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты Akorda-ға сілтеме жасап.
  – Алайда бұл әр жетістікке мәз болып, жайбарақат отыратын заман емес. Біз биік мақсаттарға ұмтылып, тек қана алға – жарқын болашаққа қарай жүруіміз керек. Келешекке зор сеніммен қарап, Қазақстанды шын мәнінде өркениетті мемлекетке айналдыруымыз қажет.  
Қазір біз бір ел болып жасампаздық жолына түстік: қоғамымызда жаңа идеялар, жаңа тұлғалар, отаншыл азаматтардың жаңа буыны пайда болуда. Мен Мемлекет басшысы ретінде осындай игі үрдісті қолдаймын. Мұны ел ішінде жасалып жатқан реформалардың айқын көрінісі деп санаймын.  
Халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала береді. Бұл – елдің табысты дамуының бірден-бір шарты, тиімді әрі ұзақмерзімді факторы.  
Реформалардың бастапқы кезеңінде еліміздегі көзі ашық және прогрессивті қоғамдық-саяси күштер жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар аясында бірігуі қажет деп санаймын. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құру, мемлекеттілігімізді нығайту ісінде табысқа жете аламыз, – деді ол.
04 маусым 2026 ж. 216 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031