Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұғатталған шоттарды ашу және тыйымдарды алып тастау: рақымшылық қазақстандықтардың тұрмысын қалай жеңілдетеді

Бұғатталған шоттарды ашу және тыйымдарды алып тастау: рақымшылық қазақстандықтардың тұрмысын қалай жеңілдетеді

Фото: pexels
2026 жылғы 3 маусымда Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыста "ҚР жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық туралы" заң жобасын талқылады. Онда депутат Қайрат Балабиев заң жобасының мақсатын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, заң жобаларының мақсаты гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты әкімшілік рақымшылық жасау шеңберінде халықтың борыштық жүктемесін азайту.
Сонымен қатар, Әкімшілік рақымшылық қолданылған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде уәкілетті орган (лауазымды тұлға) салған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтату тәртібін регламенттейтін нормалар көзделеді.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рақымшылық жасау актісі қолданылған жағдайда атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негіздері көзделеді. Бұл нормалар азаматтарға сот орындаушысына жүгінбестен мүліктен және банктік шоттардан шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік береді",- деді ол.
Бұл ретте, депутат рақымшылық актісі негізінде атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, азаматтар атқарушылық санкцияларды төлеу және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қосымша шығыстардан босатылатынын атап өтті.
"Осылайша, бұл нормалар процедураны жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар халыққа қаржылық жүктемені азайтады".
Қайрат Балабиев
Сонымен қатар, заң жобаларын қабылдау:
рақымшылыққа жатпайтын адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту;
материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларды жетілдіру;
босатылатын бюджет қаражатын қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға және жазаларды орындаудың халықаралық стандарттарын енгізу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
"Рақымшылық – бұл мемлекеттің әлсіздігінің көрінісі емес, заңның жазалауы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік әділеттілікті сақтау, ескерту және қалпына келтіру қабілетіне сенімді мемлекет күшінің көрінісі",- деп түсіндірді депутат.
Бұған дейін Қазақстанда жемқорлар, педофилдер мен лаңкестер рақымшылыққа ілікпейтіндігін жазғанбыз.


03 маусым 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930