Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қылмыстық және әкімшілік амнистия: Қандай айыппұлдар кешіріледі

Елімізде қылмыстық және әкімшілік амнистия: Қандай айыппұлдар кешіріледі

Фото: ChatGpt арқылы жасалды
Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия әзірленіп жатыр. Парламент депутаттары амнистияның шарттарын нақтылайтын заң жобаларын дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, құжаттар президенттің жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жариялаған амнистиясынан кейін әзірленген.
“Әкімшілік амнистия аясында осы заң күшіне енгенге дейін орындалмаған әкімшілік айыппұлдар бойынша жеке тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері, жеке нотариустар, адвокаттар, қандас мәртебесі бар адамдар және жалпы Қазақстан азаматтары әкімшілік жауапкершіліктен босатылады”, – деді депутат.
Әкімшілік амнистия заң күшіне енген сәтке дейін төленбеген айыппұлдарға қатысты болады.
Алайда адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін құқықбұзушылықтар рақымшылыққа ілінбейді. Олардың қатарында қызыл шамға өту, жылдамдықты асыру және мас күйінде көлік жүргізу бар.
Ал қауіпсіздік белдігін тақпағаны және көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін салынған айыппұлдар амнистияға енуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Тоқаев бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жарияланатынын айтқан еді.
21 мамыр 2026 ж. 120 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930