Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рақымшылық заңы шетелде сотталған қазақстандықтарға қалай қолданылады

Рақымшылық заңы шетелде сотталған қазақстандықтарға қалай қолданылады

Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық атқару жүйесі комитетің төрағасы Абай Қайырбеков Конституцияның 30 жылдығына арналған рақымшылық туралы заң шетелде жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарға қалай әсер ететінін түсіндірді.
Фото: Kazinform
— Қазақстан соттары үкім шығарған, бірақ ел аумағынан тыс жерде жазасын өткеріп жатқан азаматтарға, жазасын өтеу үшін Қазақстанға берілген азаматтарға рақымшылық қалай жасалады? Бұл рақымшылық қай елдерді және неше адамды қамтиды? Шетелде жазасын өтеп жатқандарға рақымшылық жасалған оларды елге қайтару қалай жүзеге асады, — деп сұрады депутат Әсел Рахметова.
Абай Қайырбековтің айтуынша, елдегі қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде 1000-нан астам шетел азаматтары, шетелдерде 1000-нан астам Қазақстан азаматтары жазасын өтеп жатыр. 
— Оның ішінде ең көп саны, 800-ден астамы Ресей Федерациясында. Олар басқа мемлекетте қылмыс жасап, сол мемлекеттің заңдарымен жазаланған. Аталған азаматтарды беру мәселелері ТМД-ның Мәскеу конвенциясы негізінде жасалады. Алыс шетелмен екіжақты халықаралық шарттар негізінде де жүзеге асырылады. Ондай шарттар 26 мемлекетпен бекітілген. Былтыр 40-тан астам сотталушы шет мемлекеттерге берілді. Оның көбі Өзбекстан азаматтары. Биылғы 5 айдан 20-дан астам шетелдік өз елдеріне берілді. Олардың да көбі Өзбекстан азаматтары. Аталған шетелдіктер Қазақстан Республикасына рақымшылық қолдану өтінішімен жүгінсе, халықаралық шарттар негізінде ондай құқығы бар, — деді ол.
Сондай-ақ, ол шетелде жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтарына аталған рақымшылық заң қолданылмайтынын айтты.
— Тек қана келісімшарт негізінде Қазақстанға қайтарылғандарға қолданылуы мүмкін. Бірақ ондай жағдай екіжақты келісімшартта қарастырылған болу керек. Біз алдын ала жүргізген жұмыстар барысында жасаған қылмыстарының ауырлығына байланысты рақымшылыққа ілінбейтіні анықталды, — деді ІІМ өкілі.
Еске салсақ, өткен аптада Мәжіліс «Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды қабылдап, сенатқа жолдаған болатын. 

19 маусым 2025 ж. 318 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031