Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат "Рақымшылық жасау" туралы заң жобасына пікір білдірді

Депутат "Рақымшылық жасау" туралы заң жобасына пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Рақымшылық жасау» туралы заң жобасына пікірін айтты, деп хабарлайды baq.kz.
Президент Жолдауында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты «Рақымшылық жасау» туралы тапсырма берген.
Осы жолдаудың аясында Мәжілістің жалпы отырысында «Рақымшылық жасау» заң жобасы қабылданды. Бұл бастаманы көтерген – Парламент депутаттары.
Енді «Заңнама және сот-құқық реформа комитеті» осы жылдың аяғы, яғни 14 желтоқсанға дейін қорытындыны әзірлеп тапсырады.
Тергеу орындарында жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 1 600 адам анықталып, жауапқа тартылған.
Сонымен қатар заң жобасы қолданысқа енсе 1500 адамға қатысты рақымшылық жасалатынын айтты.
Алдын ала айтылған болжамдар бойынша, осы рақымшылық жасау заң жобасы болашақта қолданысқа енген жағдайда 1500 адамға қатысты рақымшылық жасалады деп күтілуде. Оның барлығы Мәжіліс қабырғасында қаралады.
Сондай-ақ рақымшылық жасалмайтын топтар да бар. Олар – террористік, экстремистік қылмыстар, азаптаулар мен мемлекетке опасыздық жасаған, сыбайлас жемқорлыққа жол берген азаматтар.

20 қазан 2022 ж. 272 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031