Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Т. Бөріқұлақов және Жетес би көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынуда

Т. Бөріқұлақов және Жетес би көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынуда

Тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында Әйтеке би кентіндегі Т.Бөріқұлақов көшесі мен 5 квартал аумағындағы Жетес би көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары басталған болатын.
Жобаға сәйкес, Т. Бөріқұлақов көшесіндегі тротуардың ұзындығы 2,5 шақырымды құраса, Жетес би көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы 1,6 шақырымға созылады. Қазіргі таңда Т. Бөріқұлақов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Т.Бөріқұлақов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолына асфальт төсеу жұмыстарын көріп, жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына ерекше мән беруді тапсырды.
Тұрғындар үшін қолайлы әрі сапалы инфрақұрылым қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, жоспарланған жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау керектігін ескертті.
02 маусым 2026 ж. 303 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930