Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электрондық шот-фактураларды уақтылы рәсімдеу және салықтық жауапкершілік

Электрондық шот-фактураларды уақтылы рәсімдеу және салықтық жауапкершілік

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) уақтылы рәсімдеу салық төлеушінің тікелей әрі міндетті парызы болып табылады. ҚР Салық кодексінің талаптарына сай, ЭШФ тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өткізу күніне дейін, немесе осы өткізу күнінен кейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей жазылуға тиіс. Осы бекітілген мерзімнен кешіктіріп жазу салық заңнамасын бұзу болып саналады және соңы әкімшілік шараларға алып келеді.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, электрондық шот-фактураларды уақтылы жазбағаны үшін жауапкершілік көзделген. Егер мұндай құқық бұзушылық алғаш рет анықталса, салық төлеушіге ескерту беріледі. Ал заң бұзушылық қайталанған жағдайда, қолданыстағы заңнама аясында әкімшілік айыппұл салынады. Салық заңнамасының талаптарын сақтау және заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында салық төлеушілерге ЭШФ-ны белгіленген мерзімде рәсімдеп отыру, арнайы ақпараттық жүйеде құжаттардың уақтылы жазылуын тұрақты бақылау, сондай-ақ кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп пен құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру ұсынылады. Салық заңнамасын қатаң сақтау әкімшілік жауапкершіліктің алдын алуға және салықтық тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Е. КАНАТОВ,
Қазалы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы
02 маусым 2026 ж. 202 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031