Электронды шот-фактураларды (ЭШФ) уақтылы рәсімдеу – салық төлеушінің міндеті
Электронды шот-фактураны (бұдан әрі - ЭШФ) мерзімін бұза отырып жазған салық төлеушілер үшін
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ЭШФ уақтылы рәсімдеу салық төлеушінің міндеті болып табылады.
ҚР Салық кодексінің талаптарына сәйкес ЭШФ:
тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өткізу күніне;
немесе өткізу күнінен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жазылуға тиіс.
ЭШФ белгіленген мерзімнен кешіктіріп жазу салық заңнамасын бұзу болып саналады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес ЭШФ уақтылы жазбағаны үшін:
құқық бұзушылық алғаш рет анықталған жағдайда – ескерту беріледі;
қайталанған жағдайда – әкімшілік айыппұл көзделген.
Салық төлеушілерге салық заңнамасының талаптарын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында:
ЭШФ белгіленген мерзімде рәсімдеу;
ЭШФ ақпараттық жүйесінде құжаттардың уақтылы жазылуын бақылау;
бухгалтерлік есеп пен құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру ұсынылады.
Салық заңнамасын сақтау әкімшілік жауапкершіліктің алдын алуға және салықтық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
Е. КАНАТОВ,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы













