Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электрондық шот-фактуралар мен салық төлеу тәртібі

Электрондық шот-фактуралар мен салық төлеу тәртібі

Фото: Pexels
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ЭШФ уақтылы рәсімдеу салық төлеушінің міндеті болып табылады. ҚР Салық кодексінің талаптарына сәйкес ЭШФ:
тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өткізу күніне;
немесе өткізу күнінен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жазылуға тиіс.
ЭШФ белгіленген мерзімнен кешіктіріп жазу салық заңнамасын бұзу болып саналады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес ЭШФ уақтылы жазбағаны үшін:
құқық бұзушылық алғаш рет анықталған жағдайда – ескерту беріледі;
қайталанған жағдайда – әкімшілік айыппұл көзделген.
Салық төлеушілерге салық заңнамасының талаптарын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында:
ЭШФ белгіленген мерзімде рәсімдеу;
ЭШФ ақпараттық жүйесінде құжаттардың уақтылы жазылуын бақылау;
бухгалтерлік есеп пен құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру ұсынылады.
Салық заңнамасын сақтау әкімшілік жауапкершіліктің алдын алуға және салықтық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.



Е. КАНАТОВ, 
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы
21 сәуір 2026 ж. 289 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31