Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шатырларды ұшырып, бағаналарды құлатты: Қазақстанның екі өңірінде жойқын дауыл соқты

Шатырларды ұшырып, бағаналарды құлатты: Қазақстанның екі өңірінде жойқын дауыл соқты

Фото: depositphotos.com
Жұма күні Қазақстанның батысы мен шығысында жойқын дауыл соқты, деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Атырауда құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қалада соққан қатты жел шатырлардан кірпіш ұшырып, ағаштарды құлатқан, сондай-ақ дұрыс бекітілмеген құрылымдарды жұлып әкеткен. Тұрғындарға аса қажет болмаса, сыртқа шықпауға кеңес берілді.
Атырау орталығында жел көпқабатты үйдің шатырын зақымдады. Шатырдан ұшқан ірі кірпіш сынықтары аулада тұрған көліктердің үстіне құлап, оларға айтарлықтай зиян келтірген. Тағы бірнеше ауыр бөлшек кіреберіс алдындағы орындыққа түскен. Абырой болғанда, сол сәтте ол жерде ешкім болмаған.

Толығырақ
Абай облысында да табиғаттың тосын мінезі салдарынан Аягөз ауданы зардап шекті. Жойқын жел үйлердің шатырын ұшырып, электр бағаналарын құлатқан. Соның салдарынан бірқатар елді мекен жарықсыз қалды.
Көпқабатты және жеке үйлер, мектеп, мейрамхана, қоймалар мен казармалар зақымданған. Кей үйлерде электр қуатының іркілуінен тұрмыстық техника істен шыққан. Қазір тұрғындар шығын көлемін есептеп жатыр, ал коммуналдық қызметтер апат салдарын жою жұмыстарын жалғасып жатыр..
"Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетті. Соның салдарынан Аягөз қаласы мен Баршатас, Өркен, Мамырсу ауылдық округтерінде шатыр ұшуының 19 дерегі тіркелді. Қазіргі уақытта Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылды", – деді Аягөз ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Мәдина Бәкімбаева.
Бұған дейін Түркістан облысында бірнеше күнге созылған нөсер жаңбырдың салдары жойылған еді. Бірнеше ауданда ондаған көше мен аула су астында қалып, кей үйлердің ішіне дейін су кірген.
30 мамыр 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031