Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қатты желден бірқатар ғимараттардың шатыры ұшып жатыр

Қызылордада қатты желден бірқатар ғимараттардың шатыры ұшып жатыр

Қызылорда облысында қатты желдің салдарынан бірқатар ғимараттардың шатыры ұшып жатыр. Бірақ, зардап шеккен адамдар жоқ, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы мәліметінше, бүгін, яғни, 24 наурыз күні 12 сағат 00 минутта қатты желдің салдарынан Абай даңғылы №31 «А» мекен-жайда орналасқан «Болашақ» университетінің шатыры ұшқан. Нәтижесінде,аталған ғимараттың 300 ш/м шатыры бүлінген (жалпы көлемі 3000 ш/м).
«Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 12 адам, 2 техника, облыстық Жұмылдыру дайындығы басқармасынан 1 техника 3 адам шықты», – деп хабарлады Жұмылдыру дайындығы басқармасы.
Осындай жағдайлар облыстың басқа да аудандарында орын алуда.
Мәселен, осындай қатты желдің салдарынан Жалағаш ауданының орталығында орналасқан Мәдениет үйінің шатыры ұшқан. Оның бүлінген көлемі 230 ш/м (жалпы көлемі 1200 ш/м) құрайды. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ, қатты соққан дауыл желдің салдарынан бүгін Жаңақорған ауданы, Шалқия кентіндегі №86 орта мектебінің шатыры ұшқан (шатырдың зақымданған ауданы 350-400 ш/ м), кенттің 2 электр бағанасы кұлаған. Нәтижесінде Шалқия кенті, Қыраш, Қосүйеңкі, Бірлік, Құттықожа және Екпінді елді мекендерінің электр жарығымен қамтылуы тоқтатылған. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
«Қазгидромет» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 23-24 наурызда аймақтың кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Түнде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетуде.
Осыған орай, аталған кәсіпорын желдің жылдамдығы артуына байланысты ғимараттар мен үй шатырларының ұшуынан абай болуға шақырады.
24 наурыз 2020 ж. 665 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930