Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Меккеде болған дүлей дауылдан қазақ қажылары зардап шеккен жоқ

Меккеде болған дүлей дауылдан қазақ қажылары зардап шеккен жоқ

Меккеде болған дүлей дауылдан қазақ қажылары зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, Құрбан айт қарсаңында Меккеде дүлей жел тұрып, қажылыққа келгендердің уақытша тұрағындағы шатырларды ұшырып әкетті. Желдің соңы нөсер жауынға ұласқан. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.
"Кеше дүлей боран болды. Әрең дегенде жүрдік. Қасымызда үнемі дәрігерлер жүрді, - дейді қазақстандық Бауыржан Есмахан.
"Аллаһқа шүкір, табиғаттың тосын осындай оқиғасынан біздің қажыларымыз ешқандай зардап шеккен жоқ.Діни басқарма жанындағы дәрігерлер тобы күн сайын, сағат сайын, сәт сайын қадағалап отыр. Қазір өзіңіз көріп тұрғандай ауа райы жақсы тұрақты күн ашық. Дәл қазір Арафат жазығында ойпатында біздің қажыларымыз құлшылық жасап, елдің бірлігі үшін дұға жасауда", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Сыдықов.
Телеарнаның мәліметінше, биыл 3 мың қазақстандыққа қасиетті Меккеге аттануға квота бөлініпті. Жел ұшырып әкеткен шатырлардың бәрі қалпына келтіріліпті.
Сауд Арабиясы үкіметінің азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары мұсылмандық парызын өтеуге келген жандардың қауіпсіздігі үшін барлық шаралар жасалғанын айтуда.
Меккеде қазір 43 градус ыстық. Арапа күні яғни бүгін сонда жүрген күллі мұсылман қасиетті Қағбадан 20 шақырым жердегі тауға шығып, сайтанға тас атады.
(Дереккөз: КТК)
21 тамыз 2018 ж. 1 062 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930