Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс қарқынды. Сапасы қандай?

Құрылыс қарқынды. Сапасы қандай?

Қазір қалаға ғана емес, ауылға да барып қалаған спорт түрімен айналысуыңызға болады. Демек, алдағы уақытта чемпиондар аядай ғана ауылдан шығып жатса, таңғалмаңыз. Таза ауада тынысы ашылып, денсаулығы жақсарған талай азаматты көріп те жүрміз. Осы мақсатта Қазалы ауданында игілікті істер көбейіп келеді. Әсіресе мемлекеттің бағдарламалар аясында бой көтеріп жатқан спорт кешендерінің орны бөлек.
Ауыл спортнына серпін берер осындай нысандар Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында салынып жатқаны туралы ақжолтай хабарды бұған дейін сүйіншілеген едік. Бүгінде екі нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды. Тіпті аяқталуға жақын.
Жуырда аудан әкімі Алмасбек Есмаханов жауапты сала басшыларымен бірге аталған спорт кешендерінің құрылыс барысын арнайы аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына назар аударды.
Алдымен аудан басшысы аудан орталығындағы Қазалы мәдени-демалыс кешені аумағында салынып жатқан спорт кешеніне барды. Жалпы құны 643 миллион теңгені құрайтын нысанның құрылысын «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде мұнда ішкі сылақ жұмыстары, кафель төсеу, жылу жүйелерін орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Заманауи талаптарға сай салынған кешен пайдалануға берілген соң аудан жастары үшін маңызды спорт орталығына айналмақ.
Мұнан кейін аудан әкімі Қожабақы ауылындағы спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Құны 537,1 миллион теңгені құрайтын бұл жоба «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта ғимараттың сыртқы құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Ішкі әрлеу, сырлау және сәндеу жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілер толық тартылған. Нысанды пайдалануға беру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Намыс-Құрылыс» ЖШС.
Аудан басшысы құрылыс алаңдарын аралау барысында нысандардың сапасына ерекше мән беріп, анықталған кемшіліктерді дереу қалпына келтіруді тапсырды. Сондай-ақ мердігер мекемелерге барлық жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтап, спорт кешендерін маусым айының алғашқы онкүндігіне дейін толық дайын күйінде ел игілігіне тапсыру қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар жауапты сала басшылары мен аудан әкімінің орынбасарына құрылыс барысын күнделікті бақылауда ұстау тапсырылды. Өйткені бұл нысандар – ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыратын маңызды орталық болмақ.
Жалпы, ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту – келешек ұрпақтың жарқын болашағына салынған инвестиция. Осындай игі бастамалардың арқасында ауыл спортының тынысы кеңейіп, ел ішінде жаңа чемпиондардың шығуына жол ашылары сөзсіз.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
30 мамыр 2026 ж. 12 0

Есепті кеш ерекше өтті

30 мамыр 2026 ж. 19

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031