Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі ауылдарды аралады

Аудан әкімі ауылдарды аралады

Ауданда жыл бойы атқарылып келе жатқан жұмыстардың легі аз емес. Жаңа нысандар бой көтеріп, халық игілігіне жарап тұр. Әлі де жүзеге асып жатқан жобалар, қарқын алған құрылыстар бар. Соның бірі – Ү.Түктібаевтағы электр желілерін қайта жаңғырту мен Бекарыстан би ауылындағы спорт кешенінің құрылысы. Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қос ауылға барып, елді мекендерде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым мен құрылыс жұмыстарын көрді.
Алдымен ол аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан Ү.Түктібаев ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының қазіргі жайын бақылады. Ауылішілік электр желілерін жаңғырту жұмысы жуық арада ғана басталған. Жоба келер жылы толықтай аяқталады деп жоспарлануда. Қазір нысан басына құрылыс материалдары жеткізіліп, 3 дана трансфоматор қондырғысы, 10 кВ әуе желісінің 70 және 0,4 кВ әуе желісінің 300 темір бетон бағаналары орнатылған. Құрылыс жұмысына жауапты – мердігер мекеме «Қызылорда кірпіш зауыты». Серіктестік басшысымен кездескен аудан әкімі белгіленген жұмыстар сапалы әрі мерзімінде бітуі қажет екенін айтты.
Одан соң аудан басшысы Алмасбек Есмаханов Бекарыстан би ауылындағы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын көрді. Бүгінде спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Кешеннің ішкі, сыртқы әрлеу, ауласына брусчатка төсеу сынды жұмыстар жасалуда. Мұндағы жұмыстар алдағы қаңтар айының ішінде толықтай аяқталмақ. Аудан басшысы салаға жауапты орынбасарына спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын күнделікті қадағалап, ешқандай кемшіліксіз, сапалы аяқталуын бақылауды тапсырды.

А.АЙДАРҚЫЗЫ
31 желтоқсан 2025 ж. 12 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 22

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 24

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 21

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 32

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 28

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 22

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 27

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031