Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт сөндіру бекеті салынуда

Өрт сөндіру бекеті салынуда

Елімізде Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен ауылдық елді мекендерде ерікті өрт сөндіру жүйесін нығайту мақсатындағы «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы қолға алынған болатын.
Өткен жылдың желтоқсан айында бағдарлама аясында ауданға қарасты Ақсуат ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілсе, бүгінде Жанқожа батыр ауылында демеушілік есебінен өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаевпен бірге Жанқожа батыр ауылына барып, өрт сөндіру бекетінің құрылысымен танысты.
Аталмыш нысан маусым айында ауыл халқының игілігіне пайдалануға берілмек. Аудан басшысы ауыл әкіміне өрт сөндіру бекетінің аумағын абаттандыру жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар беріп, аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.
Руслан Сламбекұлы «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасының басты мақсаты ауыл тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігін жеткізіп, төтенше жағдай кезінде жағдайға уақытылы ден қоюдың маңыздылығын атап өтті. Ғимарат құрылысымен танысудан кейін Алмасбек Әбілқасымұлы мен Руслан Сламбекұлы өрт сөндіру бекетінің ауласына ағаш көшттерін отырғызды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
30 мамыр 2026 ж. 14 0

Есепті кеш ерекше өтті

30 мамыр 2026 ж. 20

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031