Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақсуатта бекет ашылды

Ақсуатта бекет ашылды

Аймақтың аумағы кең. Ал мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдері негізінен Үлкен қалалар мен аудан орталықтарында, бұрын аудан орталықтары болған ірі елді мекендерде орналасқан. Көптеген елді мекен қажетті техникалармен жарақтанған мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдерінен шалғайда жатыр.
Төтенше жағдай болған кезде сол жерлерге өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамдары мен техникаларының жедел жетіп, тілсіз жауды дер кезінде бұғалықтауына қиындық туғызады. Соған орай соңғы жылдары аудан орталығынан алыс орналасқан елді мекендерде мемлекеттік емес өрт сөндіру бекеттерін құру мәселесі қолға алынған еді. Жақында аудандағы Ақсуат ауылында ауылдық елді мекендерде ерікті өрт сөндіру жүйесін нығайту мақсатындағы «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа бекеттің ашылуына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов және азаматтық қорғау саласының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Шарада аудан әкімі ауыл тұрғындарын жаңа бекеттің ашылуымен құттықтап, ауыл тұрғындары мен аудандағы төтенше жағдайлар саласына көрсетіліп жатқан қолдау, материалдық-техникалық тұрғыдан нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында тоқталды.
– Бүгінде Президентіміздің тапсырмасы негізінде, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен өңірдегі төтенше жағдайлар саласын материалдық-техникалық тұрғыдан нығайтуға айырықша көңіл бөлініп келеді. Бүгін Өздеріңіздің қатысуларыңызбен Ақсуат елді мекенінен өрт сөндіру бекеті ашылып, бекетке заман талабына сай 1 дана өрт сөндіру техникасыда табысталуда. Соңғы 2 жылда ауданға қарасты Қызылқұм, Майдакөл және Аранды ауылдық округтеріне өрт сөндіруші 3 техника табысталса, аудан орталығындағы өрт сөндіру мекемесінің 3 техникасы жаңартылды. Жыл басынан бері ауданымызда 24 өрт оқиғасы орын алып, былтырғы жылмен салыстырғанда 7 өрт оқиғасына азайған. Орын алған оқиға орындарына құтқарушылардың дер кезінде жетіп, нәтижелі жұмыс атқаруынан ешқандай қайғылы жағдайлар орын алмаған. Авариялық құтқару және шұғыл жұмыстарға 139 шығу болған, оның ішінде 56 адамға көмек көрсетілді. Өрт оқиғаларынан 35 тұрғын үй мен басқа да нысандар құтқарылған. Ауылдың амандығы мен тыныштығы – әрқайсымыз үшін маңызды. Ендеше осы бекетте еңбек ететін өрт сөндіруші мамандарға сәттілік, қызметтеріне табыс тілеймін! Мереке қарсаңында ашылып жатқан жаңа нысан тағы да құтты болсын, – деді аудан басшысы.
Өрт сөндіру бекетінің ашылуында ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген ауыл тұрғындары мен салада жемісті еңбек етіп жүрген төтеншеліктер аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталса, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Сауытбекұлына Қазалы ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды. Бірқатар азамат Төтенше жағдайлар министрлігінің «Алғыс хаты» мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық төсбелгісімен марапатталды.
Ашылу рәсімінде ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов сөз сөйлеп, ауыл тұрғындары мен төтеншеліктерді жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуымен құттықтады. Ал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Рзаханов ауыл халқының игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға алғысын жеткізіп, ақ батасын берді.
Қонақтар мен ауыл тұрғындары жаңа өрт сөндіру бекетінің ішін аралап, техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Ғимарат барлық қажетті құрал-жабдықтармен, оның ішінде жаңа өрт сөндіру көлігімен, қызметкерлердің жатын және асхана бөлмесімен толық қамтамасыз етілген.
Айта кететін жайт, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы негізінде Ақсуат ауылындағы ашылған жаңа бекет 6 елді мекенді,
1800-ден астам тұрғындарды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етпек.

Айнұр ӘЛИ
23 желтоқсан 2025 ж. 121 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 111

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 121

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 117

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 117

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 114

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 115

Ақсуатта бекет ашылды

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031