Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексикада шетелдік араласу анықталса сайлау нәтижесін жою туралы заң мақұлданды

Мексикада шетелдік араласу анықталса сайлау нәтижесін жою туралы заң мақұлданды

Мексика депутаттар палатасы (парламенттің төменгі палатасы) шетелдік араласу анықталған жағдайда сайлау нәтижелерін жарамсыз деп тануды көздейтін конституциялық реформаны мақұлдады, деп хабарлайды ТАСС.

Мексика
Фото: Pexels
– Конституцияның 41-бабының VI бөлімін өзгерту туралы жарлық жобасы жалпы және жекелеген баптар бойынша мақұлданды. Құжатқа шетелдік араласуға байланысты сайлауды жарамсыз деп танудың жаңа негізін енгізетін тармақ қосылады, – делінген депутаттар палатасының хабарламасында.
Мәліметке сәйкес, бастаманы 307 депутат қолдаған, 128-і қарсы дауыс берген, тағы бір депутат қалыс қалған.
Түзетулерге сәйкес, егер шетелдік субъектілердің, саяси күштердің немесе сырттан қаржыландырудың сайлау қорытындысына ықпал еткені дәлелденсе, дауыс беру нәтижелері жекелеген сайлау учаскелерінде де, бүкіл ел көлемінде де күшін жоюы мүмкін.
El Universal газетінің жазуынша, бастама авторы – биліктегі партия фракциясының үйлестірушісі Рикардо Монреаль.
Басылым атап өткендей, реформа ұлттық егемендікті қорғауға және сыртқы араласуға қарсы күреске бағытталған.
Айта кетейік, бұған дейін Мексика президенті әлем чемпионатының ашылу матчына арналған билетін сыйға тартатынын жаздық.


29 мамыр 2026 ж. 57 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031