Сайлау заңнамасын бұзған журналиске қандай жаза қолданылады?
ОСК отырысында ОСК мүшесі Серік Сыдықов журналистердің сайлау учаскесінде жұмыстарын қалай жүргізе алатындарын түсіндіріп берді.
Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден бір мезгілде қатысуға құқылы, - деді ол.
БАҚ өкілі учаскеде нақты болмаған, сайлау заңнамасы бұзылған жағдайда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралы меншік иесінің не бұқаралық ақпарат құралы меншік иесі редакциясының өтініші негізінде сайлау учаскесіндегі өз өкілеттігін тоқтатады.
Журналист аккредиттелген мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар оған отырыстар, кеңестер және өзге де іс-шаралар туралы алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті, - деді Ортком мүшесі.
Сыдықов атағандай, БАҚ өкілі сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген сайлау учаскесіндегі тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға міндетті. Ол КЗ 39-бабының 2-тармағында бекітілген.
Оның сөзінше, 2020 жылғы 2 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚР СІМ жанында тұрақты негізде 39 шетелдік БАҚ-тың 166 өкілі аккредиттелді. Шетелдік БАҚ өкілі сайлау науқаны аяқталғаннан кейін, сондай-ақ шетелдік БАҚ журналисін аккредиттеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда өз мәртебесін жоғалтады.