Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда референдумды өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалмақ

Қазақстанда референдумды өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалмақ

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Дауыс беру нәтижелері жеті күн ішінде жарияланады. Оны өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсалады, деп жазады Qazaqstan Media.

Референдум кезінде ел бойынша 10 мың 327 сайлау учаскесі ашылады, оның 72-сі Қазақстаннан тыс жерде. 2024 жылғы шілдедегі жағдай бойынша 12 миллион 176 мың 968 азамат дауыс бере алады.
12 қыркүйекке дейін БАҚ-та сайлау учаскелері туралы ақпарат жарияланады. 26 қыркүйекке дейін учаскелік комиссиялар дауыс берушілер тізімін алғаннан соң азаматтарға дауыс беру орны мен уақыты туралы хабарлап бастайды. Дауыс беру бюллетеньдері дауыс беру күнінен үш күн бұрын және одан кешіктірмей жеткізіледі. 5 қазан – тыныштық күні.

«Үгіт-насихат жұмыстары дауыс беру күні алдындағы сағат 00:00-де аяқталады. 6 қазан – референдум күні. Дауыс беру 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Аумақтық комиссиялар дауыс берушілердің ыңғайлылығы үшін басқа уақытты белгілеуі мүмкін. Мысалы, вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер үшін басқа уақыт белгіленуі мүмкін. Дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағат ішінде дауыстар саналады. Өңірлер орталық комиссияға дауыс беру нәтижелерін 2 күнде жинап, жеткізуі керек», — деп хабарлады.

Орталық комиссия референдумның нәтижелерін жеті күн ішінде бекітіп, ресми хабарламаны БАҚ-та жариялауға тиіс.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізуге қанша қаражат жұмсалатынын айтты.

«Шығындардың жалпы сомасы, біздің бағалауымыз бойынша, 15,5 миллиард теңге. Бұл сома 63 мемлекетте орналасқан және ашылған 78 шетелдік сайлау учаскелерінде республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуді қамтиды», – деді Мұстафина.
03 қыркүйек 2024 ж. 204 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 145

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 201

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 170

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 149

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 164

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930