Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық батыры Ақтан батырдың 255 жылдық мерейтойына орай құттықтау

Халық батыры Ақтан батырдың 255 жылдық мерейтойына орай құттықтау

Қадірлі ағайын!
Құрметті жерлестер!
Қазақ халқының тарихында елдің басын біріктіріп, бір мақсат жолына жұмылдыра білген тарихи тұлғалар, ел басқарған хандар мен батырлар жетерлік. Халқымыздыңберекелі бірлігі мен тұғырлы тәуелсіздігін қалыптастыру жолында жанын да,қанын да аямаған осындай даңқты тұлғаларымыздың ерлігі мен елдік істерін бүгінгі ұрпаққа насихаттау біздің басты парызымыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұқбатында: «Біз әділетті мемлекет құрамыз десек, тарихқа да, оны жасауға қатысқан азаматтарға да әділетті қарауымыз керек. Мұның бәрі түптеп келгенде, ұлттық болашағы үшін қажет. Өткенді ой елегінен өткізіп, оны әділ әрі шынайы бағалай алмасақ, алға сеніммен қадам баса алмаймыз» деп нақты айтқан болатын. Президенттің баянды бастамаларына қуатты қолдау көрсету мақсатында өткен жылы ауданымызда қазақтың ортақ мақтанышына айналған қос тұлға Әйтеке бидің 380 жылдығы мен халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 250 жылдық мерейтойлары кең көлемде аталып өтілді.
Биыл тағы да осындай ірі тұлғалардың бірі, 19 ғасырда Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бірге Хиуа, Қоқан хандықтарының шапқыншылығына қарсы күрескен Кіші жүздің атақты, әруақты батырларының бірі - Ақтан батыр Ақайұлының туғанына 255 жыл толып отыр.
Қазақ тарихындағы қилы-қыстау оқиғаларды басынан кешірген қасиетті Сыр бойындағы елім деген ерлерді біріктіріп, отаршылар мен басқыншыларға қарсы күрескен Ақтан батырдың біз үшін, яғни бүгінгі ұрпақ үшін орны ерекше, бірегей тұлға.
Ақтан Ақайұлының Қыр мен Сыр еліне Хиуа, Қоқан хандығының шапқыншылығына, озбырлығына, орыс патшалығының отарлау саясатына қарсы қол бастап күрескен атақты қолбасшы Нұрмұхаммедұлы Жанқожаның сенімді серігі, бас батыры болғаны бәрімізге аян.
Ақтан бабаның жасанған жаудан беті қайтпаған жүрек жұтқан батырлығы жайлы, ел намысы, ел тірлігі үшін қылышынан қан тамған жаудың қаһарлы хан ордасына жалғыз барған ерліктері, әулиелігі, даналығы туралы көнекөз шежіреші қариялардан қалған аңыз әңгімелер көп. Сол мұраларда Ақтан батырдың туған еліне сүйіспеншілігі,жан-тәнін аямай күресіп жүрген үзеңгілес қаруластарына деген адалдығы айрықша дараланып тұрады.
Бүгінде Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылының азаматтары, батырдың ұрпақтарының бастамасымен ерлік пен елдіктің үлгісіне айналған Ақтан батырдың 255жылдығына орай тәлімдік-тәрбиелік мәні бар, тағылымға толы шара ұйымдастырылуда. Шара аясында өтетін танымдық конференция, спорттық жарыстар,ақындар мүшайрасы барлығы халықтың игілігі, рухани баюы мен бір-бірімен жақын танысуы үшін жасалмақ. Олай болса, батырдың есімін бүгінгі ұрпаққа дәріптеу, насихаттау мақсатында өткізілгелі отырған рухани іс-шараларыңыз баянды болсын!
Баршаңызды батыр бабамыздың 255 жылдық мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір отбасына амандық, елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік тілеймін!
Жалғас СҮЙЕУБАЕВ,
Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы



12 тамыз 2025 ж. 22 0

Ақтан батырдың ақылы

12 тамыз 2025 ж. 17

Біздің ауыл

12 тамыз 2025 ж. 19

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031