Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтан Ақайұлының 255 жылдығына орай тарихи-танымдық конференция өтті

Ақтан Ақайұлының 255 жылдығына орай тарихи-танымдық конференция өтті

Биыл қазақ халқының берекелі бірлігі мен тұғырлы тәуелсіздігін қалыптастыру жолында жанын да, қанын да аямаған даңқты тұлға, 19 ғасырда Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бірге Хиуа, Қоқан хандықтарының шапқыншылығына қарсы күрескен Кіші жүздің атақты, әруақты батырларының бірі - Ақтан батыр Ақайұлының туғанына 255 жыл толып отыр.
Осыған орай Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылында даңқты батырдың есімі мен ерлік істерін ұлықтау мақсатында мәдени-көпшілік шаралар ұйыдастырылып, батырдың 255 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілуде.
Мерейтойлық шаралар Ақтан батыр ауылындағы ауылдық клубта «Ақ бұлтты Ақтан батыр» атты ғылыми-танымдық конференциямен бастау алды.
Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп ашып, жиналған жұртшылықты халық батырының 255 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ қазақ тарихындағы қилы-қыстау оқиғаларды басынан кешірген қасиетті Сыр бойындағы елім деген ерлерді біріктіріп, отаршылар мен басқыншыларға қарсы күрескен Ақтан батырдың ерлік істері жайында тоқталды. Ғылыми-танымдық конференцияны ҚР мәдениет саласының үздігі, тарихшы-зерттеуші Болат Жолтаев жүргізіп отырды.
Конференция барысында ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Серік Қуанышбав «Ақтан батыр заманы және ұрпақтар үйлесімі» тақырыбында баяндама жасаса, тарихи өлкетанушы, Халықаралық журналистер Одағының мүшесі БақытжанАбдуллаұлы тарихи жыр дастандардағы Ақтан батыр бейнесі жайында, ҚР журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Төлепберген Тілеуқабылұлы «Ақтан мен Дабыл» тақырыбында сөз қозғады. Сондай-ақ жиында белгілі жыршы Кеңес Болатбекұлы «Ақтан батыр» дастанынан үзінді жырласа, батыр ұрпақтары атынан Толағай Дүнкиев Ақтан батырдың ерлік істері жайында сөз қозғады.
Тарихи-танымдық конференция соңында Ақтан батыр ауылындағы №190 мектеп директорының орынбасары Нұрлан Көпжасарұлы конференцияның тоқтамымен таныстырып, Ақтан батырдың есімін, ерлік істерін келер ұрпаққа дәріптеу, насихаттау бағытындағы жоспарланған жұмыстар жайында айтып өтті.
17 тамыз 2025 ж. 160 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031