Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Вакцина да, нақты емі де жоқ»: ДСМ Эбола дертіне қатысты шұғыл мәлімдеме таратты

«Вакцина да, нақты емі де жоқ»: ДСМ Эбола дертіне қатысты шұғыл мәлімдеме таратты

Қазір әлемде Bundibugyo штаммы таралып жатыр
«Вакцина да, нақты емі де жоқ»: ДСМ Эбола дертіне қатысты шұғыл мәлімдеме таратты
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі әәлемнің бірнеше елінде таралған Эбола дертіне қатысты шұғыл мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 
Министрліктің мәліметінше, қазір таралып жатқаны түріне қарсы вакцина да, ем де жоқ.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады. Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ», - деп хабарлайды министрлік.
Дәрігерлер Эбола вирусы қалай жұғатынын да ескертіп отыр. Яғни, вирус жұқтырған адам немесе жануарлар оны негізгі таратушы болады.
«Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау, сапар кезінде сақтық шараларын ұстану және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды. Сапарға шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысып алған жөн. Шетелден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын бақылауда ұстау қажет. Егер қандай да бір белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, сапар фактісін міндетті түрде хабарлау керек. Өз бетінше емделуге болмайды», - деп хабарлайды ДСМ.



20 мамыр 2026 ж. 22 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031