Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелге шығарда абай болыңыз: Эбола туралы маңызды ақпарат

Шетелге шығарда абай болыңыз: Эбола туралы маңызды ақпарат

Шетелге шығарда абай болыңыз: Эбола туралы маңызды ақпарат
 istockphoto.com
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ.
Эбола вирусы жұқтырған адаммен немесе жануарлармен тығыз байланыс кезінде, олардың биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау, сапар кезінде сақтық шараларын ұстану және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды.
Сапарға шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысып алған жөн.
Шетелден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын бақылауда ұстау қажет. Егер қандай да бір белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, сапар фактісін міндетті түрде хабарлау керек. Өз бетінше емделуге болмайды.
Эбола Бундибуджио вирусынан туындайтын аурудың белгілері
• Дене қызуының көтерілуі
• Қатты әлсіздік және тез шаршау
• Қатты бас және бұлшықет ауруы
• Тамақтың ауыруы
• Жүрек айну және құсу
• Асқазан-ішек белгілері (диарея және т.б.)
• Ауыр жағдайда ішкі ағзалар қызметінің бұзылуы
• Кейбір жағдайларда қан кету белгілері
Бундибуджио вирусы туралы не белгілі?
Бундибуджио (bundibugyo) вирусы — эбола вирусының бір түрі. ол алғаш рет 2007 жылы угандада анықталған.
Бұл вирус ауа-тамшы жолымен берілмейді.
Жұғу жолдары:
• Жұқтырған адамның қаны және басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы
• Жұқтырған жануарлармен (жарқанаттар, приматтар) байланыс кезінде
• Ластанған заттар мен тұрмыстық бұйымдар арқылы
• Қайтыс болған адамның денесімен байланыс кезінде
Сақтық шаралары:
• Эбола Бундибуджио (bundibugyo) жағдайлары тіркелген елдерге барудан уақытша бас тартқан жөн
• Қолды жиі жуып, антисептик қолдану қажет
• Қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен байланыстан аулақ болыңыз
• Тек таза әрі қауіпсіз суды тұтыныңыз
• Шикі немесе жеткілікті пісірілмеген етті тұтынбаңыз
20 мамыр 2026 ж. 11 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031