Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ: Өлім-жітім мөлшері 90%-ға жуық қауіпті вирус таралып жатыр

ДДСҰ: Өлім-жітім мөлшері 90%-ға жуық қауіпті вирус таралып жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жедел ескерту жасады. Халықаралық ұйымның ақпаратынша, таралып жатқан қауіпті вирус 88%-90% өлімге душар етеді. ДДСҰ бұл эбола тәрізді вирустың "кең таралуы мүмкін" екенін ескертеді.
Марбург деп аталатын вирустан көз жұмған аурудың бірінші жағдайы Батыс Африкада тіркелген. Сарапшылар вирустың "кең және алысқа таралуы мүмкін" деп алаңдайды және тез арада оның алдын алу қажеттігі туралы дабыл қақты.
Вирус 2013-2016 жылдар аралығында Батыс Африкада Эбола пандемиясынан туындаған. Кейінірек бұл вирус та қорқыныш пен хаосты тудырды.
ДДСҰ-ның Африкадағы аймақтық директоры "Марбург вирусының алысқа таралу ықтималдығы жоғары. Оның алдын алу өте маңызды. Біз денсаулық сақтау органдарымен Гвинеяның Эболамен күресудегі бұрынғы тәжірибесіне негізделген жедел қызмет ету жұмыстарын жасаймыз" дейді.
Оңтүстік Африкада, Анголада, Кенияда, Угандада және Конго Демократиялық Республикасында Марбург вирусының жағдайлары тіркелді.
Вирустың таралуына алаңдау ДДСҰ мен Қызыл Крест сияқты басқа ұйымдарды індетті бақылау шараларын бастауға мәжбүр етті.
ДДСҰ "Марбург вирустық ауруы өте қауіпті, эпидемияға бейім ауру, өлім жағдайлары өте жоғары.Симптомдар қызба, бас ауруы, шаршау, іштің ауыруы және гингивальды қан кету болуы мүмкін" деп мәлімдеді.
11 тамыз 2021 ж. 587 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031