Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Серпіліс сыйлаған көңілді старт

Серпіліс сыйлаған көңілді старт

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай отбасындағы қарым-қатынастарды нығайту, жанұялар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты іскер асыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында дәстүрлі отбасылық «Көңілді START» эстафеталық сайысы өтті.
Сайысқа спорт саласының ардагері Қуанған Бәкенов, Әйтеке би кенттік әйелдер кеңесінің төрайымы Райхан Садуақасова және «Сауаптан құр қалмайық» қоғамдық қорының жетекшісі Мақсұт Қарымсақов қазылық жасап, Қазалы ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің жаттықтырушылары төрелік етті.
Эстафеталық додаға көп балалы 9 отбасы қатысып, әрқайсысы өз командасын таныстырды. Одан соң қатысушылар «Жүйрік ат», «Кім епті?», «Кім жылдам», «Допты шеңберге лақтыру», «Жеңіске жету» кезеңдері бойынша бақ сынасты.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Тілеумбетов Дәурен Оңғарбайұлы сөз сөйлеп ашып, Отбасы күні мерекесінің мәні мен маңызын тілге тиек етті. Көпшілікті бүгіннен басталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына үміткер болуға шақырды. Содан соң эстафетаға қатысушы отбасыларға алғысын білдіріп, барлық қатысушыларға аудан басшысының марапаттарын табыстады.
Тартысты өткен сайыс нәтижесімен бірінші орынды Теңелбековтер отбасы жеңіп алып, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің демеушілігімен 100 мың теңгені иемденді. Ал екінші орынға ойысқан Смағұловтар отбасына 70 мың теңге бұйырды. Үшінші орын иегері Әбдірахмановтар отбасына 50 мың теңге қаржылай сыйақы табысталды.
Ал Жандосовтар Жанқуатовтар, Аманқосовтар Алуадиновтер Махановтар, Наурзалиевтер отбасыларына аудан әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары берілді.
Мерекелік кеш аудандық мәдениет орталығы өнерпаздарының және отбасылық ансамблдердің концертіне ұласып, әуезді ән мен тәтті күй шырқалды. Шара барысы әсем ырғақты бишілердің биімен өріліп, көрермендерді ризашылыққа бөледі.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
19 мамыр 2026 ж. 35 0

Жаяуға да жол керек

19 мамыр 2026 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031