Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Көңілді start» көңілді өтті

«Көңілді start» көңілді өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай жанұя ынтымағы мен бірлігін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты іскер асыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында отбасылық «Көңілді START» эстафеталық сайысы өтті.
Отбасылық эстафета «Қазалы мәдени-демалыс кешеніндегі» спорт алаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен басталды. Спорттық шараны аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа көп балалы 7 отбасы қатысып, алдымен өз командаларының ұрандарымен таныстырды. Одан кейін сайыскерлер 5 кезең – «Жүйрік ат», «Кім епті?», «Кім жылдам», «Допты шеңберге лақтыру», «Жеңіске жету» эстафеталары бойынша бақ сынасты.
Тартысты өткен сайыс нәтижесімен І орын алған Төлегеновтер отбасы кубок, диплом және 50 мың теңге, екінші орынға ие болған Әлиевтер отбасы диплом және 30 мың теңге, ІІІ орын иегері Советовтер отбасы диплом мен 20 мың теңге қаржылай сыйақылар иеленді. Ал, Жұмабаевтар, Жеткергеновтер, Жусуповтар және Әділхановтар отбасыларына ынталандыру алғыс хаты мен 10 мың теңгеден сыйақылар табысталды.
Шарада Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік әсем ән шырқап, отбасылар мен жанкүйерлердің көңілін көтерді. Шара соңында эстафетаға қатысушы отбасылар керемет көңіл күймен ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп,естелік суретке түсіп, ризашылықпен тарқасты.
Айта кетейік, сайыстың ынталандыру жүлдесіне демеушілік жасаған «Сауаптан құр қалмайық» қоғамдық қорының төрағасы Қарымсақов Мақсұт Мұратұлы және «Ақжол Қазалы құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ақжолова Сания Нұржаубайқызына алғысымызды білдіреміз.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
17 мамыр 2025 ж. 36 0

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 43

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031