Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оразкүл Асанғазықызымен өткен тәлімді кездесу

Оразкүл Асанғазықызымен өткен тәлімді кездесу

Қазалы ауданында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жоспарына сәйкес, қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызымен «Берекелі отбасы» тақырыбында тағылымы мол, рухани кездесу өтті.
Кездесу отбасы институтын нығайту, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері, аудандағы түрлі мекемелерде қызмет атқаратын қыз-келіншектер, аудандық әйелдер және аналар кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, батыр аналар, аудан жастары қатысты.
Ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтары жайлы өмірлік тәжірибесімен бөліскен Оразкүл Асанғазықызы тыңдаушыларды терең ойға жетелеп, ұлттық тәрбиенің, қазақы салт-дәстүр мен отбасындағы ұл, қыз тәрбиесі, ата-ананың отбасындағы рөлі мен орыны, қадір-қасиеті және берекелі шаңырақтың маңызын әсерлі жеткізді.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алмасұлы қоғамдағы маңызды мәселелерді қолға алып, еліміздің дамуында аянбай еңбек етіп жүрген Оразкүл Асанғазықызына алғыс айта отырып, иығына қазақы камзол жауып, сый-сияпат көрсетті.
Осындай тағылымды кездесулер ұлттың ұйытқысы — отбасының рухани негізін нығайтуға сеп болары сөзсіз.
18 маусым 2025 ж. 290 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031