Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында «Нұрдәулет» боулинг орталығы ашылды

Қазалы ауданында «Нұрдәулет» боулинг орталығы ашылды

Бүгін аудан орталығында жаңа кәсіпкерлік нысан – «Нұрдәулет» боулинг орталығының ашылу рәсімі өтті.
Жаңа нысанның ашылу рәсімінде аудан әкімі Алмасбек Есмаханов құттықтау сөз сөйлеп, аудандағы кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан игі жұмыстар жайында айтып өтті.
-Бүгінде өңірімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қолдауымен кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Қазыналы Қазалы ауданында да өңірге көрсетілген қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Өткен жылы ауданда тамақтану орындары, мейрамханалар, сауда орындары, көлік жуу орны сынды жаңадан 32 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, онда 80-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Ал биылғы жылы 5 кәсіпкерлік нысан ашылып, 20-ға жуық адам жұмыспен қамтылды. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін ауданымызда жаңа кәсіпкерлік мақсаттағы нысан - Қонақ үй ғимараты, «Мұқаш ата» сауда үйі, «Ривера» тамақтану орны, «Ақбота» кондитерлік өнімдері, «Ербол» тіс емханасы сынды ірі кәсіпкерлік нысандар пайдалануға берілсе, бүгін міне, тағы бір жаңа нысан ел игілігіне табысталуда. Осындай заманауи, жаңа кәсіпкерлік нысан ашып, ел игілігіне ұсынып отырған кәсіп иесі – Самат Серікұлына алғысымды білдіреміз. Еңбектеріңіз жана берсін! Істеріңіз ілгерілеп, кәсіптеріңізден береке табыңыздар, - деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Жиында жаңа кәсіп иесі Самат Қуанышқа аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.
Мұнан соң сөз алған кәсіпкердің әкесі Майлыбай Серік жиналған жұртшылыққа ризашылығын білдіріп, ел игілігі жолындағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Салтанатты рәсімде аудан әкімі мен қонақтар жаңа орталықтың лентасын қиып, нысанның жұмысымен танысты. Қонақтар боулинг орталығындағы заманауи жабдықтар мен келушілерге жасалған жағдайларды көрді.
Айта кетейік, жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын «Нұрдәулет» боулинг орталығы жеке кәсіпкер Самат Серікұлының жеке қаражаты есебінен салынған. Заманауи ойын-сауық орталығы бір мезетте 70-ке жуық адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнда 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Аталған боулинг орталығы бүгінде өңірдегі аудандар арасында бірден-бір заманауи ойын-сауық нысандарының бірі болып отыр. Бұған дейін өзге аудандарда мұндай орталықтар ашылғанымен, уақыт өте жұмысы тоқтап қалған. Ал қазір облыс көлемінде толыққанды боулинг орталығы Қазалы ауданында ғана жұмысын бастауда. Бұл – қазалылық кәсіпкерлердің заман талабына сай тың жобаларды жүзеге асыруға деген белсенділігінің, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесінің нақты көрінісі.
18 мамыр 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031