Қазалы ауданында 5371 кәсіпкер тіркелген
Қазыналы Қазалы ауданында өңірге көрсетілген қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Халық арасында Қазалы ауданын – «Екінші Түркістан» деп атап жатады. Себебі, қазалылықтар кез келген істің көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп отыр.Мәселен, ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында бүгінге дейін 5371 кәсіпкер тіркеліп, нақты жұмыс жасап тұрғаны 5216 бірлік, яғни, белсенділік көрсеткіші – 91,7 пайыз болды.
2025 жылы ауданда жаңадан 32 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, 71 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
Кәсіпкерлікті қолдау шараларына келсек, 2025 жылы ауданда 2 млрд. 400 млн. теңгеге ірі 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, оның ішінде 3 жоба іске қосылды.

Атап айтар болсам, жеке кәсіпкер О. Медеубаеваның 600 млн. теңгенің сауда үйі, жеке кәсіпкер Е.Алданазаровтың 650 млн. теңгенің аквапарк пен қоғамдық тамақтану орны, жеке кәсіпкер А.Бақытбектің 500 млн. теңгенің қонақ үйі. Басықара ауылынан «Арал рыбторг» ЖШС 650 млн. теңгенің тауарлы балық өсіру тоғанының жобасы бойынша кәсіпкерлік 464 гектар жер учаскесі табысталып, тоғанның құрылысы жүргізілуде.














