Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
Республикалық бағдарламада үш ұлттық алаңға ерекше орын беріледі
Фото: t.me/madenietaqparat

Фото: t.me/madenietaqparat
Қазақстанда 16–18 мамыр аралығында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» республикалық мәдени-ағартушылық акциясы өтеді. Осы күндері елдегі музейлер кешкі және түнгі бағдарламалар ұсынып, тарихи мұра, өнер, заманауи технологиялар мен келушілермен интерактивті байланысты бір алаңда тоғыстырмақ, еп хабарлайды Azattyq Rýhy Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарламада үш ұлттық музейге ерекше назар аударылады. Акцияны 16 мамыр күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі ашады. Мұнда негізгі көрме ретінде «Жеті қазына» экспозициясы ұсынылады. Сонымен қатар музей ауласында Open Air форматындағы шаралар ұйымдастырылады.
Бағдарламада үш ұлттық музейге ерекше назар аударылады. Акцияны 16 мамыр күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі ашады. Мұнда негізгі көрме ретінде «Жеті қазына» экспозициясы ұсынылады. Сонымен қатар музей ауласында Open Air форматындағы шаралар ұйымдастырылады.
18 мамыр күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі келушілерге ерекше бағдарлама ұсынады. Скрипкашы Назым Мұстафина гуманоид робот пен бионикалық робот-иттің қатысуымен өнер көрсетеді. Осы арқылы өнер мен заманауи технологиялар тарихи-мәдени мұрамен жаңа форматта үндеспек.
Сол күні Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі музей қорларын сақтау тақырыбына басымдық береді. «Музейге сый» акциясы аясында мәдениет, өнер, спорт және қоғамдық өмір тарихына қатысты құнды жәдігерлер қабылданады.
Шараға музей-қорықтар да қосылады. Олар тарихи ескерткіштерге арналған түнгі маршруттар, театрландырылған бағдарламалар, тарихи квестер мен жасанды интеллект элементтері қолданылған мультимедиялық жобаларды ұсынады.
Этномәдени бағытта қолөнер шеберліктері, ұлттық ойындар, дәстүрлі тағамдар, алау басындағы әңгімелер мен киіз үйдегі түнгі шай бағдарламасы ұйымдастырылады. Сонымен бірге астротуризмді насихаттау мақсатында шатырлы лагерьлер құрылып, жұлдызды аспанды бақылау шаралары өтеді.
Акция күндері барлық келуші үшін музейлерге кіру тегін болады.
Мақалада













