Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанадағы Ұлттық музейге бір түнде 47 мың адам барды

Астанадағы Ұлттық музейге бір түнде 47 мың адам барды

Ұлттық музейде өткен»Музей түні» халықаралық акциясына барлығы 47 мыңнан астам адам барды. Осылайша, өткен жылғы рекорд жаңартылды. Былтыр шараға 30 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жазды, деп хабарлайды inform.kz.
«Ең алдымен, музейдің кіреберісіндегі бірнеше метрлік кезек пен келушілерге толы залдарға көзім түсті. Ауа райының жайсыздығы мен кешкі уақыт болғанына қарамастан, адамдар отбасылармен келіп жатты. Осыған байланысты, ауданы 74 мың шаршы метрді құрайтын және 200 мыңнан астам экспонаты бар елдегі ең үлкен музейге барлық тілек білдірушілер әрең сыйды, ал кейбір залдарда мүлдем ине шаншар орын болмады. Алайда көтеріңкі көңіл-күй, достық, отбасылық және шынымен мерекелік атмосфера болғанын айта кету керек», - деп жазды министр.
Айта кетейік, «Музейлер түні» — отандық мәдениет қызметкерлері күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі. Салтанатты рәсім барысында еліміздің әр өңірінен келген үздік музей қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ұлттық музей қабырғасында концерттік және ойын-сауық бағдарламасы, ойындар, квесттер, дәрістер, музей реставраторларының шеберлік сабақтары, қолөнершілер жәрмеңкесі, театрландырылған экскурсиялар және бірден бірнеше экспозиция ұйымдастырылды. Келушілер «Музейлер түніне» арнайы дайындалған кітап және авторлық қуыршақтар көрмесін тамашалады, сондай-ақ белгілі тарихшылар мен басқа да танымал тұлғалар экскурсия өткізген «Жұлдызды гид» жобасына қатысты.
«Мыңдаған келушілермен бірге мен де бірнеше залды аралап, оларда ұсынылған экспонаттармен таныстым. Атап айтқанда, жақында ашылған Палеонтология залына қонақтар тарапынан қызығушылық ерекше болды. Іс-шарада басқа елдерден де көптеген қонақтар болғанын айта кеткен жөн», - деді Асхат Оралов.
19 мамыр 2023 ж. 209 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930