Қазақстанда күн +40 градусқа дейін ысиды
Фото: istockphoto.com
Синоптиктер мамырдың 16, 17 және 18 күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына екі барикалық құрылым әсер етеді. Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл аймақтарда найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауады, ал 18 мамырда батыс өңірлерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі.
«16-17 мамыр түндерінде елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі», – делінген хабарламада.
Күндізгі ауа температурасы:
елдің батысында +30…+37 градустан +25…+30 градусқа дейін төмендейді;
солтүстік-батыста +25…+30 градус жылы болады;
елдің солтүстігінде +20…+30 градустан +15…+20 градусқа дейін төмендейді;
орталықта +25…+30 градустан +29…+34 градусқа дейін көтеріледі;
шығыста +12…+20 градус болады;
оңтүстікте +30…+35 градустан +33…+40 градусқа дейін көтеріледі;
оңтүстік-шығыста +18…+25 градустан +25…+32 градусқа дейін жоғарылайды.
Қазақстанда 2026 жылдың мамыры қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылдың мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған болатын. Метеорологтардың мәліметінше, жалпы ел бойынша ауа райы қалыпты нормадан жылырақ болады, ал жауын-шашын мөлшері өңірлер бойынша біркелкі түспейді.










