Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік салығын қалай есептеп, төлеуге болады?

Көлік салығын қалай есептеп, төлеуге болады?

Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 566-бабына сәйкес, көлік құралдарына салынатын салықты салық төлеуші өз бетінше есептейтінін хабарлайды.
Салық сомасын келесі тәсілдер арқылы есептеуге болады:
- Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталындағы «Көлік салығын есептеу» электрондық сервисі арқылы;
- «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «Калькуляторлар» бөлімінде.
Есептеу үшін келесі мәліметтерді көрсету қажет:
- салық есептелетін жыл – 2025 жыл;
- көлік құралын нақты иеленген айлар саны;
- көлік құралының түрі;
- қозғалтқыш көлемі.
Салық мөлшерлемесі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшеріне және көлік құралы қозғалтқышының көлеміне байланысты белгіленеді.
Бұл ретте салықты есептеу кезінде тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы қолданыстағы АЕК мөлшері қолданылады.
Мысалы, 2025 жылға арналған көлік салығын есептеу үшін 1 АЕК – 3 932 теңге мөлшерінде алынады.
Көлік құралдарына салынатын салық жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төленеді.
Банктер немесе банкоматтар арқылы төлем жасаған кезде келесі деректемелерді көрсету қажет:
- бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 104402;
- төлем мақсатының коды (ТМК) – 911;
- өсімпұл үшін ТМК – 912.

Жеке тұлғалардың 2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі – 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірілмей.
Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті екенін еске салады және салық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады.

Көлік иесі болу — тек рөлге ие болу емес, сонымен қатар ортақ тәртіпке бағыну. Салық төлеу арқылы біз жайлы әрі қауіпсіз болашақты бірге қалаймыз.
26 наурыз 2026 ж. 20 0

Сапаға сын болмауы тиіс

31 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031