Қазақстанда педагог мәртебесін күшейтуге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
Фото: freepikМәжіліс депутаттары 2026 жылғы 29 сәуірде педагог мәртебесі мен білім беру саласына қатысты заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар, педагог мәртебесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ілеспе түзетулер де бірінші оқылымда қолдау тапты.
Депутат Жанарбек Әшімжановтың айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – педагогтардың құқықтарын қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы бірқатар мәселелерді реттеу. Бұл нормаларды іске асыру мұғалімдердің әлеуметтік қорғалуын күшейтіп, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Заң жобасы аясында мынадай ұсыныстар қарастырылды:
- оқушыларды жергілікті атқарушы органдар деңгейінде ғылыми қызметке тарту;
- "академиялық адалдық" ұғымын моральдық-этикалық норма ретінде заңмен бекіту;
- мемлекеттік мектептер педагогтарына қатысты шектеулерді балабақша, колледж және өзге де мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне де қолдану.
Сонымен бірге, құжатта денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысатын жеке серіктестердің аясын кеңейту, сондай-ақ шетелдік жетекші университеттердің Қазақстан аумағында қызмет етуіне қолайлы құқықтық жағдай жасау көзделген.
Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы түзетулер 2026 жылғы 25 ақпанда депутаттардың қарауына енгізілген болатын.












