Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғылыми жоба жеңімпаздары мен педагогтерге мемлекеттік сыйақы берілуі мүмкін

Ғылыми жоба жеңімпаздары мен педагогтерге мемлекеттік сыйақы берілуі мүмкін

2026 жылы білім берудің тұтас және орнықты жүйесін құруға бағытталған шаралар жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Оқу-ағарту министрлігі орнықты білім беру жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 2026 жылдағы негізгі бастамалар мен жаңашылдықтар туралы ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова айтып берді.

— Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында білім беру жүйесінде ауқымды шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде «Педагог мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл өзгерістер педагогтерді артық қағазбастылықтан қорғауға, мектептен тыс уақытта балаларға қатысты жазатайым оқиғалар үшін ата-аналардың да жауапкершілігін нақтылауға, сондай-ақ педагог құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған, — деп атап өтті Шынар Ақпарова.

Сондай-ақ 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасын бекіту туралы Үкіметтің қаулысының жобасы әзірленді. Бұл құжат балалардың құқықтарын қорғау, баланың қауіпсіздігі, білім алу құқығы, денсаулық сақтау құқығы, әлеуметтік қолдау саласындағы барлық қолданыстағы шараны біріктіреді.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарын жаңарту жалғасады, соның ішінде Абай атындағы мектеп-интернаты Абай мектебіне трансформацияланып, жаңа оқу мазмұнмен толықтырылды.

Сонымен бірге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқын қорғауды күшейту және білім беру саласындағы ынталандыру тетіктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, халықаралық ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздарына, сондай-ақ оларды даярлаған педагогтерге біржолғы мемлекеттік сыйақы қарастырылған.

Сондай-ақ «Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы» Заң жобасы қаралып жатыр.

Барлық қабылданып жатқан шаралар баланың мүддесіне, педагогтарды қолдауға және сапалы білімге тең қол жеткізуге бағдарланған тұтас және орнықты білім беру жүйесін құруға бағытталған.

Бұдан бұрын мұғалім жүктемесін азайтуға бағытталған Ұлттық білім беру платформасы іске қосылатыны белгілі болды.

03 қаңтар 2026 ж. 160 0

Алдын алу – басты міндет

03 қаңтар 2026 ж. 188

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031