Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа айы қандай болады?

Алдағы күндері ауа айы қандай болады?

Қазақстан бойынша 2025 жылғы 25-27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы.
Фото: iStock
Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды – жаңбыр, найзағай күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сілтеме жасап.
26 қыркүйекте батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, шығыста және оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Ауа температурасы:
Батыс өңірде түнде 12-17-ден 2-7 жылылыққа дейін төмендейді, батыс пен солтүстікте 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 20-28-ден 10-23 жылылыққа дейін.
Солтүстік-батыста түнде 7-15-тен 3-11 жылылыққа дейін, күндіз 23-29-дан 10-18 жылылыққа дейін.
Солтүстікте түнде 10-16-дан 5-13 жылылыққа дейін, күндіз 20-28-ден 12-25 жылылыққа дейін.
Орталықта түнде 5-13 жылылық, күндіз 20-25 жылылық.
Шығыста түнде 0-8-ден 7-15 жылылыққа дейін жоғарылайды, солтүстік пен шығыста 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15-25-тен 20-28 жылылыққа дейін.

Оңтүстікте түнде 5-15, күндіз 25-30 жылылық.
Оңтүстік-шығыста түнде 5-13-тен 7-15 жылылыққа дейін жоғарылайды, күндіз 15-27-ден 22-30 дейін жылиды, – делінген арнайы ақпаратта.
24 қыркүйек 2025 ж. 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031